» » Жанашырлыққа жан риза

Жанашырлыққа жан риза

Шариғатта мұқтаж жанға қол ұшын сазған үлкен сауапқа кенеледі. Жылы сөзге зәру заманда жомарт жүректі жандардың істеген жақсылығын көргенде «Әп-бәрекелді» дейсің. Мүмкіндігі аз, денсаулығында ақауы бар адамға көмектесу пейілдің кеңдігі мен жанашырлықты көрсетеді.
Осыдан бірер апта бұрын Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Нұрлан Ерманов ауданда болып, тұр­ғындарға жеке қабылдау жүргізген-ді. Қабылдаудың өтетінін естіген Пер­­нешгүл Әбіләкімқызы бір жарым жылдан бері Жосалы кентінің тұрғыны ІІ топ мүгедегі, Әлімжан Байжановқа көмек­тескісі ке­ліп біраз есікті қаққанымен мардымды ешнәрсе өндіре алмаған. Ендігі үміті осы қабылдау болатын. Ондағысы жүріп-тұруы қиындаған дімкәс жанға мүгедек арбасын алып беруге септесу. П.Өтепованы жылы шыраймен қабылдаған Н.Ерманов кө­мегін беретінін жеткізеді. Міне, арада уақыт ұзамай көптен бері арнайы арбаға қолы жетпей жүрген Әлімжанға облыс прокурорының орынбасары өз қалтасынан арба сатып алып берді. Оны аудан прокуроры Ербол Сейітжанов табыстап, ол да өз сый-сияпатын көр­сетті. Әлімжан мүгедекпін деп қарап отырмады. Аяқ киім жөндейтін шеберханасы бар. Зайыбы Сисенкүл На­зарымбетованың да қолынан іс тігу келеді.
– Енді барар жеріме қиналмай же­тетін бол­дым. Отбасыма қуаныш сый­ла­ғандарға алғысым шексіз, – дейді қа­жетіне қанағаттанған Ә.Байжанов.
Ауданда ашылған «Әлеуметтік ме­йірім» орталығының волонтері Пер­негүл Әбіләкімқызы жақсы істердің бас­тамашысы. Шын мұқтажға көмек сұрап шырылдап жүретін әпкемізге «Өзіңе қажет болмаса, біреу үшін несіне бас қатырасың» дейтіндер бар.
– Істеген жақсылықты жария ету жараспайды. Бірақ адамның қи­налғанын көзбен көрген соң қалайша қамсыз отырасың. Сөзімді жерге тас­тамай көмек көрсеткен прокуратура қызметкерлеріне Алланың нұры жаусын, – дейді ол.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
13 қыркүйек 2019 ж. 1 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728