Майамидегі қазақстандық: АҚШ-та бес-ақ минутта кәсіп ашуға болады
Қазақстанда теңге құнсызданған уақытта АҚШ-қа аттанған Ерго қазір кәсіпкер атанған. Оңтүстік Қазақстан облысында туған азамат Америкадағы жағажайда мейрамхана ашыпалған деп хабарлайды NUR.KZ.Ергоның жасы32-де. Ол әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін тәмамдап, Алматыдағытүрлі шетелдік компанияларда жұмыс істеген.
"Америкаға бармас бұрын мен көп елдерді араладым, олардың мәдениетімен таныстым. 2016 жылы Қазақстанда тағы да теңге құнсызданып, біздің экономика кәсіппен айналысуғамүмкіндік бермеген кезеңде мен өз өмірімді жаңадан бастағым келді. Осылайша,АҚШ-қа аттанып кеттім. Мен ешқашан бұл елдің табынушысы болған емеспін, алайда Америка мүмкіндіктер алаңы екенін білетінмін", - дейді ол.Қазақстандық Флорида штатындағы Майами қаласында тұрып жатыр.
Ергоның сөзінше, алғашқы жылы Америкада өмір сүру қиын болыпты. Ол күні-түні жұмысістеуге мәжбүр болған екен.
"Олуақытта мен бұл елде ешкім емес едім. Отбасым мен ата-анамды сағынғаным да маған қатты қиындық тудырды. Менің күніге 18 сағат жұмыс істеп, еш демалыс алмаған күндерім болды. Сол кезде бір минут бос болсам да, жұмыс істеуді ойлайтынмын", - дейді Ерго.
Кәсіпкердің сөзінше, Америкада жеке ісіңді ашу ең оңай нәрсе. Ол үшін өз идеяң мен құятын қаржың болса жеткілікті.
"Америкада кәсіп ашу онлайн түрде бес минутта жүзеге асады. Алайда құжаттарды рәсімдегеннен кейін міндетті түрде алатын бірнеше лицензиялар бар.
Қазір менің жағажайда орналасқан кішігірім мейрамханам бар. Бұл жерде де түрлі тексерістер болады. Денсаулық және тамақтану департаменті, өрт сөндіру қызметі мен жергілікті қалалық басқарма міндетті түрде сынақтан өткізеді.
Бірақ ең жақсысы, сен бір тексерістен өткен соң, ешқандай заң бұзбасаң, үстіңе арыз түспесе ешкім сені мазаламайды"- дейді кәсіпкер.
Қазақстандықкәсіппен айналысуда, ең бастысы, салықты уақытылы төлеу екенін айтады.
Сондай-ақ,ол Америкада тұрмысы жақсы адамдар да өздерін қарапайым ұстауға тырысатынын жеткізді.
Ерго қазірше Қазақстанға оралмайтынын айтады.
"Қазақстанға инвестор ретінде оралғым келеді. Осылай елімнің дамуына үлес қоссам деймін. Сол үшін мен қазір АҚШ-та, кейінірек барлық әлемде кәсіп ашсам деп жоспарлап жатырмын. Содан соң отаныма оралып, елдердің арасында көпір салуды көздеп отырмын. Отандастарымыз Америкаға келіп, жұмыс істегендерін қалаймын", -дейді ол.