» » 30 қаңтардан бастап әр балаға шамамен 130 доллар аударылады

30 қаңтардан бастап әр балаға шамамен 130 доллар аударылады

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына сәйкес 2025 жылға тиесілі төлемдер белгіленген мерзімнен ертерек басталады. Қаражат 30 қаңтардан бастап аударылады, алайда кейбір алушылардың шотында ол 31 қаңтар немесе 1 ақпан күні көрінуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы Сенатта өткен брифинг барысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді. Оның айтуынша, заңнамаға сәйкес үшінші төлем 2026 жылдың 1 ақпанынан кешіктірілмей жүргізілуі тиіс. Алайда бұл күн жексенбіге сәйкес келгендіктен, қаржыны аудару мерзімі алға жылжытылған.
«Төлем сомасы белгілі. Әр балаға шамамен 130 доллардан түседі», деді Әлия Молдабекова Сенаттағы брифингте.Ұлттық қордың активтері рекордтық межеге жетті: 2026 жылы – 77,77 млрд доллар
Бағдарлама аясында бұған дейін де балалардың есепшотына қаражат аударылған. 2024 жылы әр балаға 100,52 доллар2025 жылы 129,38 доллардан есептелді. Инвестициялық табысты қоса алғанда, үш жыл қатарынан төлем алып келе жатқан балалардың жинағында шамамен 370 доллар болады.
«Балалар кәмелет жасына жеткенге дейін бұл қаражат бос жатпайды, ол инвестицияланады. Сондықтан бағдарламаға үш жыл қатарынан қатысқан балалардың есепшотында инвестициялық кірісті ескере отырып, шамамен 370 доллар жиналады», деп нақтылады Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Мамандардың айтуынша, жыл сайынғы төлем көлемі Ұлттық қордың валюталық активтеріне және оның инвестициялық табысына тікелей байланысты. Балаларға арналған қаражат Ұлттық қордың ұзақмерзімді инвестициялық кірісінің жартысы есебінен қалыптастырылады.
Айта кетейік, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы елімізде кәмелет жасына толмаған барлық балаға арналған ұзақмерзімді қаржылық қолдау тетігі ретінде жүзеге асырылып келеді.
29 қаңтар 2026 ж. 242 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930