» » Белсенділер онлайн-кредитке тыйым салуға петиция жариялады. Оңай несие кімге қажет?

Белсенділер онлайн-кредитке тыйым салуға петиция жариялады. Оңай несие кімге қажет?

Фото: TRK MIC
Белсенділер онлайн-кредитке тыйым салуға петиция жариялады. Оңай несие кімге қажет?
Петиция 6 қыркүйекке дейін көпшіліктің талқысына ұсынылды.
Онлайн-кредит Қазақстанда күннен-күнге танымал болып келеді, оның өзіндік себебі де бар – оларды оңай әрі жылдам ресімдеуге, ал ақшаны бір тәуліктің ішінде, тіпті бірнеше сағатта алуға болады. Алайда, басқа кредиттер сияқты кредиттің бұл түрінің де күңгірт тұстары бар. Жақында еліміздегі«Хақ-Назар» қоғамдық қорының қызметкерлері онлайн кредит беруге тыйым салуды сұрап, петиция жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бастамашыл топтың айтуынша, мұның жағымсыз тұстары өте көп. Өйткені несие алу жеңілдегенімен, әлеуметтік-экономикалық салдары ауыр. Мәселен оңай олжа деп онлайн несиеге жүгіну адамдардың қарыздық жүктемесін арттырады. Осал топтар арасында қаржылық тұрақсыздыққа әкеледі. Жоғары пайыздық мөлшерлеме салдарынан халықтың бұл тұзақтан шығуы өте қиын. Тіпті алаяқтық, ұрлық, бопсалау сияқты қылмысқа ұласқан фактілер аз емес. Сол себепті петиция авторлары онлайн несиеге біржола тыйым салуды ұсынып отыр. Әрі микроқаржы ұйымдарының қызметіне заң жүзінде бақылауды күшейту керектігін айтты.
«Онлайн несиелердің оңай қолжетімділігі халықтың осал топтары арасында қарыз жүктемесінің өсуіне және қаржылық тұрақсыздыққа әкеледі. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен ашық айқын емес несие шарттары көбінесе адамдарды қарызға батырады. Қарыз шұңқырына түсуден бөлек, онлайн-несие алаяқтық, ұрлық және бопсалау сияқты қарызды өтеу жолдарымен байланысты қылмыстардың көбеюіне алып келеді», - делінген хабарламада.
Бұл ретте петицияны жасаған қазақстандықтар цифрландыруды дамыту үдерісі аясында онлайн несиелердің оң және теріс жақтары бар екеніне және олардың пікірінше, жағымсыз жақтары көп екеніне сенімді.
Петиция авторлары мынадай ұсыныстар енгізді:
  • Қазақстан аумағында онлайн-кредит беруге тыйым салу.
  • Қарыз алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін микрокредит беру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейту.
"Біз онлайн несие беруді шектеу және бақылау шаралары қылмыс, абюз және қаржылық құлдыққа байланысты тәуекелдерді айтарлықтай төмендететініне сенімдіміз. Қазақстан Республикасының Үкіметін азаматтарды қорғау және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауға шақырамыз", - деп қорытындылады авторлар.
Ал 2024 жылдың мамыр айында ҚР Бас прокуратурасында алаяқтықтың алдын алу бойынша координациялық кеңестің отырысы өтіп, онда онлайн несие беру мерзімі ұзартылатыны хабарланған.
«2023 жылы алаяқтық 77%-ға қысқарған Беларусьтің оң тәжірибесін ескере отырып, Координациялық кеңес онлайн несие алуға өтінімдерді қарау мерзімін ұзарту туралы ұсынысты қолдады. Мұндай жаңашылдық алаяқтықтың әлеуетті құрбандарына дер кезінде мұны анықтауға мүмкіндік береді», – деп жазылған Бас прокурор Асыловтың жауабында.
Бас прокурор 2024 жылы интернет-алаяқтық фактілері бойынша 8 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелгенін, оның жартысы несиелерді өңдеуге қатысты екенін атап өтті.
«Осындай жағдайлардың барлығында дерлік аңқау азаматтар кибералаяқтардың ықпалымен онлайн несиені өздері рәсімдеген. Сонымен қатар қашықтан несие алуға арналған түрлі бағдарламаларды жүктеп алу арқылы олардың айласына алданған», – деп түсіндірді Асылов.
Ол мұндай істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі негізінен күдіктіні анықтау мүмкіндігі төмен болғандықтан ұзаққа созылатынын айтты. Сондықтан Кеңес қатысушылары интернет-алаяқтық үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды. Сондай-ақ киберқылмыс белгілері анықталса, клиенттердің өтініші бойынша несие рәсімдеуді бұғаттау ұсынылады.

15 қазан 2024 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 007

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031