» » Кәсіпкер студенттерге таптырмас мүмкіндік

Кәсіпкер студенттерге таптырмас мүмкіндік

Астана қаласында студенттер кәсіпкерлігі,  стартаптар және инновациялардың  Enactus Kazakhstan National EXPO 2018 ұлттық чемпионаты басталмақ.
Enactus Kazakhstan Ұлттық чемпионаты  – Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген  белсенді де білімқұмар жастармен етене араласу мүмкіндігін тудырып отыр. Дарынды жастар түрлі  бастамалар көтеріп,  қазірдің өзінде бизнестің  алуан саласында  бақтарын сынап көруде.  Басқаша айтқанда, алдағы уақатта өтетін чемпионат қазіргі таңда біздің жас ұрпақты ненің қызықтыратынын көрсетеді.
Сондықтан технологиялар, стартаптар,  инновациялар, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал қорғалған топтарына қолдау көрсету секілді  және басқа да заманауи мәселелер туралы өтінішті   olga.buzulutskaya@raimbek.com  бойынша  жолдап, +7-701-739-86-01  нөміріне хабарласуға болады. Чемпионатта студенттер өздерінің digita, ауыл шаруашылық, қаржы және әлеуметтік салалардағы  табысты жұмыс істеп тұрған жобаларымен таныстырады.   Олар  Raimbek, Beeline Kazakhstan, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ,  KPMG, Аsia Waters  және басқалар секілді  Қазақстан нарығының көшбасшылары ұсынған арнайы конкурстар аясында өтеді. Аталған компаниялардың басшылары мен  мемлекеттік мекемелер өкілдері де чемпионатқа қатысып отырады.
Сонымен қатар, Астанаға өз білімдері және тәжірибелерімен  бөлісіп, бизнес-байланыстар  орнату үшін  Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан және Тәжікстаннан  жас кәсіпкерлер арнайы келеді. Бос жүмыс орындары жәрмеңкесін өткізу үшін чемпионатқа  ірі қазақстандық және халықаралық компаниялардың HR-департаменттерінің  өкілдері де қатысады. Ал бұл –  студенттердің әлден-ақ өзіне тұрақты  жұмыс табу мүмкіндігі бар деген сөз.
Әрине,  студенттер кәсіпкерлігінің чемпионаты – ұшқыр ойлы, терең білімді, талабы таудай жастар  биік жетістерімен бөлісетін орын, жүлделі орынға қол жеткізу жолындағы  шынайы күрес Өйткені,  чемпионаттың жеңімпазы  атанған команда ел намысын   АҚШ-тың  Силикон алқабындағы Сан-Хосе қаласында өтетін  ENACTUS WORLD CUP 2018 әлемдік кубогында қорғайтын болады! Ал арнайы конкурстар жеңімпаздары ірі ақшалай жүлделермен   және басқа  да түрлі сыйлықтармен марапатталады.
Еркін ҚАЛДАН
20 сәуір 2018 ж. 1 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930