» » Тағы бір ескі банкнот қолданыстан шығады

Тағы бір ескі банкнот қолданыстан шығады

Қазақстанда номиналы 1000 теңгелік ескі банкноттарды қабылдау тоқтатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 



ҚР Ұлттық банкі 2021 жылы 3 наурызда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.
"2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталды, енді ол 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық Банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады", - деді ведомствода.



Банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық Банктің филиалдарында жүзеге асырылады. Филиалдардың мекен-жайы мен байланыс телефондары Ұлттық Банктің сайтында көрсетілген. 
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Ұлттық Банктің 1477 нөмірі бойынша байланыс-орталығына хабарласуға болады.
Еске сала кетейік, 1 ақпаннан бастап Ұлттық банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатты.
10 ақпан 2021 ж. 2 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 869
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930