» » Қазақстанда 1,2 млн теңгені құрайтын жалған банкноттар анықталды

Қазақстанда 1,2 млн теңгені құрайтын жалған банкноттар анықталды

Қазақстанда биыл жалпы сомасы 1,2 млн теңгені құрайтын 381 жалған банкнот анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің банкноттарды және монеталарды сараптау басқармасының басшысы Асхат Әбішев айтты. Оның сөзінше, елімізде 2020 жылдың жеті айында жалпы сомасы 1,2 миллион теңгені құрайтын 381 жалған банкнотасы анықталған. Сонымен қатар, аталған кезеңде жалған монеталарды шығару фактілері тіркелмегені белгілі болды. Банк өкілі жалған ақша белгілерінің саны 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 46,9 % - ға төмендеген (өткен жылғы көрсеткіш - 718 банкнот және 6 монета). Жалған банкноттардың басым бөлігі Алматы қаласында анықталды. Яғни оңтүстік астанада 243 жалған банкнот (63,78%) тәркіленген. Бұл ретте, көбінесе Қазақстанда 2020 жылы номиналы 2 мың (41,47 %) және 5 мың теңгелік (31,5%) банкноталар қолдан жасалған.
Осы орайда заң мамандары Қазақстанда жалған банкноттары шығару және сатумен айналысқандар 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге сотталатынын тұрғындардың есіне салды. Еске сала кетсек, қазақстандықтар қаражатын қай банктерде сақтағанды дұрыс көретінін осыған дейін жазған болатынбыз.
06 қыркүйек 2020 ж. 835 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031