» » Ұлттық банк алтынның неліктен арзандап жатқанын түсіндірді

Ұлттық банк алтынның неліктен арзандап жатқанын түсіндірді

Ұлттық банктің монетарлық операция департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов алтын нарығындағы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кейінгі екі айда бірінші рет алтынның бағасы трой унциясына 1900 доллардан төмен түсіп кетті. Ұлттық банктің монетарлық операция департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов сары металл нарығындағы жағдайды түсіндіріп, бұл жағдай Ұлттық банктің резервіне қалай әсер ететінін айтып өтті. «23 қыркүйекте алтынның бағасы трой унциясына 1865 доллар деңгейінен төмен түсіп кетті. Бұл – қыркүйектің басындағы бағаға қарағанда 100 долларға немесе 5 пайызға аз. АҚШ тарапындағы оң экономикалық мәліметтер, Еуроодақ пен Ұлыбритания елдеріндегі коронавирус жұқтырған азаматтар көбейеді-ау деген үрей, сонымен бірге Чикаго федералдық резерв банкі басшысының АҚШ-та инфляция 2 пайыздық орташа деңгейге жеткенше ставканы көтеру туралы пікірі – доллардың индексін сегіз апталық максимумға итермеледі. АҚШ-та доллардың күшеюі әлем нарықтарында алтынның тартымдылығын төмендетті. Алтынның бағасы осы жылдың шілде айынан бергі минимумды көрсетіп тұр», - дейді ол. Оның айтуынша, COVID-19 жаһандық пандемиясы мен дамыған елдердің орталық банктерінің оған жауап ретіндегі монетарлық саясаты биыл алтынның бағасына едәуір әсер еткен. Ал алтынның бағасы тамыз айында тарихи максимумды көрсетіп, жыл басынан бері 36 пайызға қымбаттаған. Қазіргі бағаның коррекциясына қарамастан алтын инвестициялық актив ретінде жыл басынан бері 24 пайыздық өсімді көрсетіп, көш бастап тұр. «Алтын бағасының кейінгі күндердегі ала-құлалығы айдың қорытындысы бойынша Ұлттық банктің алтын валюта резервінің қайта бағалануына әсер етуі мүмкін», - деді Нұржан Тұрсынханов. Қазіргі уақытта COVID-19 індетінің екінші толқынының қаупі сақталып тұр. АҚШ пен Қытай арасындағы саяси текетірес, АҚШ-та сайлаудың жақындауы – бағаның турбуленттігіне әкелуі ықтимал. Алтын дәстүрлі түрде стратегиялық инвестиция болып қала береді.


24 қыркүйек 2020 ж. 703 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 331
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031