» » Әлемде алтын қымбаттап, күміс арзандады

Әлемде алтын қымбаттап, күміс арзандады

Алтынның құны аспандап барады. COMEX-те қымбат металл фьючерстерінің бағасы бір троя унциясына 1442-1461 доллар шамасында саудаланды.
Қазір алтынды 1466 долларға алуға болады. Өсім 1,7%. Ұлттық банктің сайтында металдың бір грамы 17,4 мың теңгеге сатылуда. Ал күміс керісінше арзандауда. Өткен аптада баға 0,6%-ға, яғни 16,2 долларға дейін, ал мыс 5,8%-ға, фунт үшін 2,56 долларға дейін төмендеді. Айта кетерлігі, сарапшылар алтын нарығын қолдайды. Әрі күзде қымбат металл бағасы 1500 долларға дейін өсуі мүмкін деген болжам жасады.
Еліміздегі үш сақтандыру компаниясы нарықта үздік деп танылды. Жалпы Қазақстан жақсы нәтиже көрсетуде. Ұлттық банк жартыжылдық қорытындысын жариялап, сыйақы, өтемақы, қор, жеке капитал, жарғылық капитал және бөлінбеген пайда бойынша үдеден шыққан ұйымдарды даралады. Айта кетейін, жыл басынан бері сақтандыру сыйақысы169 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 процентке көп. Азаматтарға 64 млрд теңге берілген. Бұл да былтырғыға қарағанда, 62 процентке артық. Сақтандырушылардың активінде 751,8 млрд теңге жиналды. Бұл 8 процентке артық көрсеткіш. Сақтандыру резерві 4% артып, 270,6 млрд теңгені құрады. Жеке капитал  444 млрд теңге, жарғылық капитал шамамен 260 млрд теңгеге жетті. Дегенмен, сақтандырушылар кірісі 26% азайып кеткен. 
Жыл басынан бері еліміздегі азық-түлік бағасы 6 процентке артқан
Біз жаз мезгіліндегі отандастарымыздың жиі тұтынатын көкөністерінің бағасына сараптама жасап көрдік. Өңірлерде қызанақ бағасы әрқилы әрі қымбаттау. Мысалы, Өскеменде 400-450 теңге шамасында. Шымкент қаласында томаттың бір келісін 80 теңгеге алуға болады. Ал қияр Өскемен мен Көкшетауда қымбаттау. Бір келісі 250-300 теңгеге сатылуда. Қарбыз бағасы 40-80 теңге аралығында. Елордалықтар қызанақты 350-450 теңгеге алып отыр. Қияр үшін 149-174 теңге төлейді. Ыстық күнде жанына сая берер қарбыздың келісі шамамен 87 теңге.
Юань әлсіреді 
Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы валюталық дау-дамайға ұласты. Тұңғыш рет аталған валюта долларға шаққанда 7 юаньға түсіп кетті. Осылайша Бейжің АҚШ президенті Дональд Трамптың қытай импортына жаңа тариф енгізетіні туралы мәлімдемесіне жауап берді. Олардың айтуынша, валюта курсы нарыққа негізделген. Мамыр айында ғана Қытай юаньды басынатындардың жағдайы қиын болатынын ескерткен. Аспан асты еліндегі мемлекеттік компаниялардың да АҚШ-тан ауылшаруашылығы тауарларын алуды тоқтататыны айтылуда. Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-тың Қытайға күш көрсетуге ұмтылып жатқанына қарамастан, өздері ұтылып жатқандай. Себебі, Трамп долларды әлсірету керектігін жиі айтқанымен, ол күшейіп келеді. Бұл сауда соғысы жағдайында жақсы көрсеткіш емес.
Корей-жапон сауда дефициті 24 млрд доллар
Оңтүстік Корея қазір Жапонияға тәуелділіктен бас тартпақ. Олар бұл бағытта 6,5 млрд доллар жұмсамақ. Сөйтіп, алдағы бес жылда өндірісті дамытуға ірі инвестиция құймақшы. Демек, өздері стратегиялық маңыздағы тауарларды шығаруға ден қоюды көздеп отыр. Еске сала кетейін, Жапония шілде айында тау самалы елін наноматериалды алуға қауқарлы мемлекеттер тізімінен алып тастады. Былтыр корей-жапон сауда дефициті 24 млрд доллардан артты.

06 тамыз 2019 ж. 927 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 085

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031