» » «5-10-20»: кімдерге тиесілі?

«5-10-20»: кімдерге тиесілі?

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында баспаналы болу үшін «5-10-20» бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеген болатын. Әрі министрлер кабинетіне арнайы бағдарламалар бойынша баспана мәселесімен айналысатын «Отбасы банкін» құруды тапсырды. Бұл жоба алдағы жартыжылдықта жүзеге асуы тиіс еді. Енді міне, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдауда. Мұндай мүмкіндік кімдерге тиесілі?
Президент тапсырмасына сәйкес, үйлі болуды армандаған қазақстандықтар жеңілдетілген шарттармен несие ала алады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, биыл жобаның жүзеге асырылуы үшін бюджеттен 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған. Оның 90 млрд теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі осы басқармаға түскен. Нәтижесінде елде шамамен 7-8 мыңдай отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек. Оның жылдық мөлшерлемесі 5 процентке тең. Ал 10 проценттен кем түспейтін соманы бастапқы жарна ретінде төлеп, 20 жылға дейін несие алуға мүмкіндік бар.
Өтінішті қабылдау уақыты аяқталған соң, банктің бұл жобасын одан әрі несиелендіруге қажетті қаражаты болғанда, екінші кезең бойынша әкімшілік кезегінен кейінгі жылдары тұрған азаматтар шақырылуы мүмкін. Үйден үмітті отбасының 2020 жылы әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 271 теңгеден аспауы тиіс. Бағдарламада тұрғын үйдің тек жаңасын ғана алуға болады. Ол үшін не істеу керек? Оның бірнеше қадамы бар. Алдымен банк сайтындағы қолжетімді тұрғын үй пилоттық жобасы бөлімі арқылы электрондық өтініш беру керек. Одан соң 3 күн аралығында банк қызметкерінің қоңырауын күтіп, оған жауап алуға болады. Содан соң төлем қабілеттігін бағаламаққа құжаттарды алып, банк бөлімшесіне белгіленген уақытта бару қажет. Займды мақұлдау жөнінде банктің оң шешімін алып, талапқа сай, жеке құрылысшылардан жаңа тұрғын үй табу, сатусатып алу не үлестік қатысу келісімін жасау керек. Несие алу үшін өтініш берушінің шотында несие көлемінің 10 проценттен кем түспейтін жинағы болуы тиіс.
Жалпы 17 қыркүйектегі мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан бойынша банк 21 039 өтініш қабылдаған. Оның 8 152-сі кезекке тіркеу жылына сәйкес келеді. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 6 миллиард теңгеден астам 472 несиелік өтінім мақұлданған. Сондай-ақ, "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша пәтер алуға болатын құрылыс компанияларының тізімін hcsbk. kz сайтынан жүктеуге болады. Өтінімдер тек осы сайттар арқылы, оның ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттерінен де, әлі күнге дейін Банк клиенті болмағандардан да қабылданады.
Түйін
Тәуекелшілдік әркімге керек-ақ. Себебі бұл тіршілікте тәуекел етпегеннен гөрі тәуекел еткеннің бағы жанары анық. Қадам басудан қорқып, мың толғанып жүргенде уақыттан ұтыламыз. Сол үшін мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, баспанадан үміт үзбеу керек.
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
22 қыркүйек 2020 ж. 632 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 510

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 582

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031