» » Аудан әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Аудан әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта мемлекет тарапынан қолдау да көп. Жеке бизнестің жілігін шағып, жемісін көргісі келгенге таза ниет болса болғаны. Ол үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін еңбектенемін дегенге мол мүмкіндік берілуде. Осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысып, шағын бизнесін шарықтатып отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбеюде. Бұл қуанарлық жайт. Себебі жұмыссыздар саны азайып, жұмыс көзі ашылуда.
Кәсіпкерлерге қолдау білдіру мақсатында аудан әкімі Мұса Қалдарбеков биыл іске қосылған 2 нысанды аралады. Оның бірі – Қайрат Мектепбайұлының тігін шеберханасы. Ол жерде ерлерге арналған шалбар мен балаға, үлкенге арналған сырт киім дайындалады. Шебер дайындаған өнім сапасының жоғары екенін айтса, аудан басшысы шеберге кәсіпті өркендету үшін әрдайым қолұшын созуға дайын екенін жеткізді. Мұнан соң Махмұт Қазақбайдың наубайханасын аралап, жұмыс барысымен танысты. Жас кәсіпкердің тыңғылықты тірлігі нысан ішіндегі тазалықтан-ақ айқын көрініп тұр. Наубайхана жұмысына сәттілік тілеген аудан әкімі кәсіпкерлер үйі ғимаратына бет алды. Бұл мекеменің фойесінде шеберлердің түрлі өнер туындысы көрмеге қойылған. Олар кәсіптің көзін тауып, ел игілігіне еңбек етіп жүрген жандар. Ақжар ауылынан Айнұр Қайырбайқызы кондитерлік өнімдер ұсынса, Нұргүл Ғалымжанқызы сәнді және соңғы үлгідегі перделерді қойды. Ал ақтөбелік Гүлнұр Бодықова тоқыма өнімдерін ұсынды. Кент орталығынан Самат Мұсағалиұлы ағаштан жасалған қолөнер бұйымдарымен бөлісті. Оның арасында астау, естелік кәдесыйлар да бар. Сонымен қатар Әділет Қаршығаұлы құрылыс қоспасы мен кірпіштерін көрсетсе, Қайрат Сейтмұқанұлы сплитерлік блоктарды ұсынды. Одан бөлек көрмеге тігін шебері Қайрат Мұсаханұлының өнімдері көпшіліктің ойынан шықты.
Көрме жұмысымен танысқан соң, аудан әкімі кәсіпкерлермен еркін форматта кездесу өткізді. Оған аудан кәсіпкерлері, ауыл әкімдері мен бірқатар мекеме басшылары, түрлі қаржы ұйымының өкілдері қатысты.
– Аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен кент, ауылдық округ әкімдеріне 2020 жылы өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласындағы жобаларға басымдық берудеміз. Әр ауылдық округтен өндіріс саласында кемінде 5 жобадан іске асырылуы қажет. Өндіріс бойынша жоспарлаған идеяларыңыз болса іске асыруға бізден қандай көмек қажет? – деген аудан басшысы кәсіпкерлерді еркін пікірталасқа шақырды.
Күн тәртібіне сәйкес кәсіпкерлік саласы бойынша аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Еркебұлан Әбдікеров аудан көлемінде кәсіпкерлікті дамытуда атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады. Екінші аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Айбек Қуанышбекұлы жергілікті тауар өндірушілерді қолдау бағытында «Мемлекеттік сатып алу» Заңына енгізілген өзгерістер туралы баяндады. Мұнан соң шараға арнайы келген қаржы ұйымдары, атап айтар болсақ «Халық банк», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Даму» АҚ өкілдерінің хабарламалары тыңдалды. Олар кәсіпкерлік саласын қолдау бағдарламаларына қатысу тәртібі мен қаржы алу жолдары туралы мәлім етіп, кәсіпкерлер тарапынан туындаған сұраққа жауап берді. Мұнан соң «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында кәсіп бастаған Махмұт Қазақбайдың хабарламасы тыңдалды.
Одан кейін кәсіпкерлермен аудандағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді. Ол көптен бері күрмеуі шешілмей келе жатқан маршрут мәселесі мен тазалық жұмысының жоғары деңгейде орындалмауы. Бұл жиында кәсіпкерлер де өздерін толғантқан біраз сауалға жауап алды.
Аудан басшысы қорытынды сөзінде кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде өндіріс пен қызмет көрсету саласының дамуы басты мәселе екенін атап өтіп, ауданның көркеюі мен әл-ауқатының жақсаруы үшін кәсіпкерлерді біріге жұмыс істеуге шақырды. Жиын соңында бірқатар кәсіп иелері алғыс хатпен марапатталды.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
24 желтоқсан 2019 ж. 1 830 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031