» » Шетелдік инвесторлар неге Қазақстанды таңдайды?

Шетелдік инвесторлар неге Қазақстанды таңдайды?

2018 жылы әлемдегі тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) көлемі 13,4%-ға қысқарып, 1,3 трлн долларды құрады.  Ал дамыған мемлекеттерге салынған тікелей инвестициялар 27%-ға азайып, 2004 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішті көрсетті. Еуропаға құйылған ТШИ екі есеге қысқарды. Ал дамушы мемлекеттерді қаржыландыру керісінше 2%-ға артып, 54%-ға жетті.
Инвестициялар ағыны көбейген осындай мемлекеттер қатарында біздің еліміз де бар. 2018 жылы Қазақстанға тартылған ТШИ көлемі 15,8%-ға өсіп, 24,3 млрд долларды құрады. Жылдан-жылға ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен инвесторлар үшін тартымдылығы артып келеді. 2019 жылдың қазан айының соңындағы көрсеткіштер бойынша елімізде 16,8 мың шетелдік компания жұмыс істеуде.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  (14,3 мың компания) 18,1%-ға жоғары. Естеріңізге сала кетсек, биыл Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілетті елдер рейтингінде 4 сатыға жоғары көтеріліп, ТОП-55 тізіміне кірді. Сонымен қатар еліміз Дүниежүзілік банктің Doing Business 2020 рейтингінде 25 орынға тұрақтады. Бұл тізім мемлекеттегі инвесторларға қолайлы он көрсеткіш негізінде жасалады. Бұдан бөлек 2017 жылы елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында бірыңғай оператор – «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ-ы құрылды. Ол 2027 жылы қайта өңдеу секторын қаржыландыруға кем дегенде 91 шетелдік ірі компанияны тартып, сырттан келген инвесторлардың тұрақтауына жағдай жасамақ. Жалпы егемендік алғаннан бері Қазақстан экономикасына 320 млрд доллар ТШИ салынған. Оның 80%-ы, яғни, 250,2 млрд доллары соңғы 10 жылда құйылған. Бұл статистика инвестициялық саясаттың тиімділігін көрсетеді. ТШИ-дың ең көп тартылған кезеңі 2012 жыл (28,9 млрд доллар) болса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 24,3 млрд долларды құрады.
Ал 2019 жылдың бірінші жартысындағы Қазақстанға құйылған ТШИ көлемі 12,1 млрд долларға жетті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 12,5 млрд доллар болатын. Қазақстанға ең көп қаржы салған елдер Елімізге ең көп қаржы салған Нидерланд мемлекеті (2018 жылы 7,4 млрд доллар, 2019 жылдың бірінші жартысында 3,4 млрд доллар). 2018 жылы аталған ел қаржыландырған танымал инвестициялық жобалардың бірі – Farm Frites зауыты. Кәсіпорын Алматы облысында картоп өсіріп, қайта өңдеуге ден қойған. Жоба 2020 жылы іске қосылады. Оның жалпы құны 165 млн доллар. Инвестиция көлемі бойынша екінші орында 2019 жылдың бірінші жартысында 3 млрд доллар (2018 жылы 5,3 млрд доллар) қаржы салған АҚШ тұр. Құрама Штаттар елімізде ауа райын болжап, оның өзгеруін онлайн-режимінде бақылап отыруға негізделген метео орталықтар салуды қаржыландырды.  Жобаның жалпы құны 6 млн доллар деп бағаланып отыр. Шығынның 75%-ын инвесторлар өтеді. Ал инвесторлар үштігін жартыжылда 1 млрд доллар көрсеткіш салған (2018 жылы 2,5 млрд доллар) Швейцария қорытындылайды. Қазіргі кезде елімізде 40-тан астам ресми швейцариялық кәсіпорын тіркелген. Оның ішінде танымал Nestle, ABB, Novartis компанияларын атауға болады.   Шетелдік инвесторлар қандай салаларға қызығушылық танытуда? Жалпы инвестициялардың тең жартысы тау-кен өндірісіне құйылған. 2019 жылдың алғашқы тоғыз айында бұл салаға 4 трлн 151,6 млрд теңге қаржы тартылған. Бұл негізгі салымдардың 48,4%-ы. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 25,8% болатын. Әсіресе, мұнай-газ саласын қаржыландыру көлемі артқан. Қазақстанның қай өңірі инвесторлар үшін тартымды? Бірнеше жылдан бері инвестиция тарту бойынша көшбасшы өңір - Атырау облысы. Мұнайлы өлкеге 2019 жылдың алғашқы тоғыз айында жалпы инвестицияның 37%-ы, яғни, 3 трлн 178,8 млрд тенге қаржы салынды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инвестиция көлемі 9,8%-ға артты. Одан кейін қаржы көп тартылған өңірлер қатарында Қарағанды, Қызылорда, Алматы облыстары бар. Инвесторларды Қазақстанда не қызықтырады? Doing Business сарапшылары инвесторлар тұрақтылық, тиімді жобалар, сәтті географиялық орналасу мен бизнесті қолдау шараларына баса назар аударатынын айтуда. Яғни, кәсіп ашып, жүргізу тәртібінің жеңіл әрі ыңғайлы болуы маңызды. Бұл ретте Қазақстанның Кәсіпкерлік кодексінде отандық немесе шетелдік қаржы салушы деген бөліністің жоғы да инвестициялық климатқа жағымды әсер етеді.
Құралай Құдайберген




05 желтоқсан 2019 ж. 913 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031