» » Адам саудасы ауыздықталуы тиіс

Адам саудасы ауыздықталуы тиіс

Адам саудасы. Иә, зат емес, кәнігі адам. Бұл қалай деймісіз? Мәселен бұған бала немесе өзін-өзі жарнамалап, тәнін саудалағаны жатады. Оның ішінде мәжбүрлісі де бар. Адам саудасы – ауыр қылмыс, ғаламдық проблема. Сондықтан әлем елдері қоғамды шырмаған қылмыстың осы түрімен бірлесіп күресуді қолға ала бастады. Бұл күрес өзіміздің өңірде де толастамайды. ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес Қармақшы ауданы көлемінде қыркүйек айының 19-ы мен 21-і аралығында «Stop трафик» жедел профилактикалық іс-шара өтуде. Мақсат – адам саудасының алдын алу, жолын кесу, әрі оны анықтау.
– Бұл сауда өте маңызды трансұлттық қылмыс және адамның құқығы мен бостандығын өрескел бұзу әрекеті. Мұны көп жағдайда жеке адамға қатысты проблема дегенімізбен, бұл – жеке бастың ғана емес, мұндай қылмысқа жол беру – сол мем¬лекет құқығының өрескел бұзылуы. Бұл әр елдің ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекеттің экономикалық тұрақтылығына және барша азаматтың өмірі мен әл-ауқатына төнген үлкен қауіп. Сондықтан бір¬лесіп күресуіміз қажет, – дейді Қармақшы аудандық Полиция бөлімі КПб-нің жедел уәкілі, полиция капитаны А.Иманов.
Әнеу бір жылдары тәнін саудаға жарнамалағандар құрықталып, айыппұл төленген-ді. Жұмыстың нәтижесі өз жемісін беріп отыр. Себебі, былтыр, биыл мұндай оқиғалар мүлдем тіркелмепті.
Айнұр ӘЛИ

19 қыркүйек 2019 ж. 2 802 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031