Құрылтай
» » Адам саудасы – ауыр қылмыс

Адам саудасы – ауыр қылмыс

Адам саудасы. Иә, зат емес, кәнігі адам. Бұл қалай деймісіз? Мәселен бұған бала немесе өзін-өзі жарнамалап, тәнін саудалағаны жатады. Оның ішінде мәжбүрлісі де бар. Адам саудасы – ауыр қылмыс, ғаламдық проблема. Сондықтан әлем елдері қоғамды шырмаған қылмыстың осы түрімен бірлесіп күресуді қолға ала бастады. Бұл күрес өзіміздің өңірде де толастамайды. ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес Қармақшы ауданы көлемінде мамырдың 28-і мен 30-ы аралығында «Stop трафик» жедел профилактикалық іс-шара өтуде. Мақсат – адам саудасының алдын алу, жолын кесу, әрі оны анықтау.
– Бұл сауда өте маңызды трансұлттық қыл­мыс және адамның құқығы мен бостандығын өрескел бұзу әрекеті. Мұны көп жағ­дайда жеке адамға қатысты проблема дегенімізбен, бұл – жеке бастың ғана емес, мұндай қылмысқа жол беру – сол мем­лекет құқығының өрескел бұ­зылуы. Бұл әр елдің ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекеттің эко­но­микалық тұрақтылығына және барша азаматтың өмірі мен әл-ауқатына төнген үлкен қауіп. Сондықтан бір­лесіп күресуіміз қажет, – дейді Қармақшы аудандық Полиция бөлімі КПб-нің жедел уәкілі, полиция капитаны А.Иманов.
 Әнеу бір жылдары тәнін саудаға жарнамалағандар құрықталып, айыппұл төленген-ді. Жұмыстың нәтижесі өз жемісін беріп отыр. Себебі, былтыр, биыл мұндай оқиғалар мүлдем тіркелмепті.

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
28 мамыр 2019 ж. 3 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 435
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 948

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031