Құрылтай
» » Білім грантының тізімі қашан жарияланады?

Білім грантының тізімі қашан жарияланады?


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысында биылғы конкурсқа қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініштің қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Комиссия құрамында қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, білім саласы кәсіподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмыс істеді. Комиссия отырыстарында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен жүзеге асырылды. Сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне шексіз алғысымды білдіремін», деді ол.
Оның айтуынша, биыл конкурсқа қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш қабылданды. Талапкерлердің басым бөлігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарын таңдады. Ал қабылдау науқанының қорытындысы бойынша болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтар мен педагогтер даярлайтын білім беру бағдарламалары арасында бір гранттық орынға бәсеке болады делініп отыр.
Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындылары 2026 жылғы 7 тамыз күні сағат 15.00-де төмендегі негізгі әрі ресми ақпарат көздерінде жарияланады.
Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары:

Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпарат көздері:
Айта кетейік, жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 2026 жылғы 25 тамызға дейін жалғасады.
06 тамыз 2026 ж. 79 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 700
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31