Құрылтай
» » 89 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінді: Биыл қай мамандықтарға басымдық берілді?

89 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінді: Биыл қай мамандықтарға басымдық берілді?

Фото: Ашық дереккөз
Биыл жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі алдыңғы оқу жылдарының деңгейінде сақталып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ол алдағы 2026-2027 оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлінгенін атап өтті. Олардың ішінде:
  • бакалавриатқа – 75 371;
  • магистратураға – 11 007;
  • докторантураға – 3 079.
Мемлекеттік тапсырысты бөлу ел экономикасының 2030 жылға дейінгі қажеттілік болжамымен сәйкестендірілген.
«Гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтарына, 21%-ы педагог кадрларды даярлауға бағытталған», деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Ведомство мәліметінше:
  • инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 19 250;
  • педагогикалық ғылымдарға – 13 738;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша – 11 662;
  • жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға – 9 363;
  • ауыл шаруашылығы және биоресурстарға – 3 145;
  • денсаулық сақтау саласына – 2 700;
  • қызметтер бойынша – 2 400;
  • өнер және гуманитарлық ғылымдарға – 1 915;
  • әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бойынша – 1 485;
  • бизнес, басқару және құқыққа – 1 423;
  • ветеринарияға – 1 275 грант бөлінген.
Оған қосымша еліміздің жоғары оқу орындары «Серпін» бағдарламасы аясында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Іс-шаралармен 13 мыңнан астам оқушы, 2 мыңға жуық ата-ана және 700-ден астам кәсіптік бағдар беруші қамтылған.
Осылайша, бүгінде оқушының кәсіби диагностикасынан бастап білім беру бағдарламасын таңдауға және әрі қарай жұмысқа орналасуға дейінгі білім беру навигациясының біртұтас жүйесі қалыптасып отыр.
Айта кетейік, биыл оқу жылын аяқтаған оқушылар саны соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті.
26 мамыр 2026 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 445
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 949

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031