» » 2019-2020 оқу жылына мемлекеттен қанша грант бөлінді

2019-2020 оқу жылына мемлекеттен қанша грант бөлінді


2019-2020 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс 69 256 грантты құрайды, — деп хабарлайды Studentmedia.kz порталы.
Биылдан бастап білім беру гранттары білім беру бағдарламалары топтарына тағайындалады. Бакалавриатта – 97 білім беру бағдарламалары тобы, магистратурада – 154 және докторантурада – 150 білім беру бағдарламалар тобы бар.
ҚР БҒМ Баспасөз қызметінің хабарламасында: «2019-2020 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 69 256 грант құрайды, оның ішінде бакалавриатқа — 53 785 грант, магистратураға – 13159 грант, PhD докторантураға 2312 грант бөлінді»,— делінген. 
Жоғары оқу орнына қабылдау кезінде оқуға түсушілер нақты бір білім беру бағдарламасын таңдайды.
Министрліктің хабарлауы бойынша, 2019 жылдың 29 мамырында білім беру бағдарламалары тобы бойынша мемлекеттік тапсырысты бөлу мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өткізілді. 
Комиссия құрамында ҚР Парламенті депутаттары, «Атамекен» ҰКП, мүдделі, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындар ассоциациясының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.
02 маусым 2019 ж. 2 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 190

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 307

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930