» » Жаңа оқу жылында оқушылар қанша күн демалады?

Жаңа оқу жылында оқушылар қанша күн демалады?

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ демалыс кестесін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрліктің мәліметінше, жаңа оқу жылы 2026 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2027 жылдың 25 мамырында аяқталады.
«Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 26 қазаннан 1 қарашаға дейін жалғасып, 7 күнді құрайды. Екінші тоқсан да 8 оқу аптасына жоспарланған. Қысқы демалыс 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін жалғасады. Демалыс ұзақтығы 14 күн болады», делінген хабарламада.
Бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында қосымша 7 күндік демалыс қарастырылған.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында болады. Ал төртінші тоқсан 8 оқу аптасына жалғасып, оқу жылы 2027 жылдың 25 мамырында аяқталады.
31 шілде 2026 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 960
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 195

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031