» » Жаңа оқу жылына оқушылардың оқу және демалыс уақыты белгіленді

Жаңа оқу жылына оқушылардың оқу және демалыс уақыты белгіленді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2024–2025 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті.
Орта білім беру ұйымдарында 2024 – 2025 оқу жылы 1 қыркүйекте басталып 25 мамырда аяқталады.
Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта. Күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.
Екінші тоқсанда оқу уақыты 8 аптаны құрайды. Қысқы каникул 2024 жылдың 30 желтоқсанында басталады және 2025 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады.
Бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 2025 жылғы 10 ақпаннан 16 ақпанды қоса алғанға дейінгі уақытта ұзақтығы 7 күнді құрайтын қосымша демалыстар беріледі.
Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Ал,11 күндік көктемгі каникул 2025 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызды қоса алғанға дейін жалғасады.
Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ 25 мамырда оқу жылы қорытындыланады.
dauletten.kz
19 шілде 2024 ж. 1 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031