» » Қорқыт ата университетінің оқытушылары Ташкентте дәріс оқуда

Қорқыт ата университетінің оқытушылары Ташкентте дәріс оқуда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Ташкент KIMYO халықаралық университетінде дәрістер оқуда.
Аталған бағдарламаға Экономика және басқару білім беру бағдарламасының доценті, э.ғ.к. Алмакүл Абдимомынова және аға оқытушы, э.ғ.м. Ұлжан Берикболова қатысып, білім алушыларға өз тәжірибелерімен бөлісуде.
Ташкент KIMYO халықаралық университеті – Орта Азиядағы ірі жеке жоғары оқу орындарының бірі. Университетте 38 бакалавриат және 22 магистрлік бағдарлама бойынша шамамен 82 мыңға жуық білім алушы өзбек, орыс және ағылшын тілдерінде білім алады. 
Іс-сапар барысында оқытушылар «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, ғылыми-академиялық байланыстарды нығайту және болашақтағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Сапар аясында оқытушылар университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, профессор Джамшид Каниев және «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының меңгерушісі, Дилшода Рамазановнамен кездесіп, академиялық ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылады. 
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы оқытушылардың кәсіби тәжірибесін жетілдіріп қана қоймай, екі оқу орны арасындағы халықаралық серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді.
02 сәуір 2026 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 922
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930