» » Қызылорда облысындағы медициналық орталықта 20 жыл ішінде жүз мыңнан астам операция жасалған

Қызылорда облысындағы медициналық орталықта 20 жыл ішінде жүз мыңнан астам операция жасалған


1998 жылы пайлалануға берілген Қызылорда облысының медициналық орталығынан 356 мыңнан астам науқас ем алып шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ал қабылдау бөлімінде алғашқы медициналық ем-дом алғандар саны 200 мыңға жуықтайды. Адам ағзасының барлық мүшесіне операция жасалатын аймақтағы жалғыз орталық 20 жылдық мерейтойына толайым табыстармен жетіп отыр.
165 жыл бұрын құрылған шағын емдеу мекемесі бүгінде заманауи көпсалалы кешенге айналды. 15,5 гектар аумаққа орналасқан орталықтағы 24 мамандандырылған және 38 қосымша бөлімше жыл сайын 30 мыңдай науқас қабылдайды.



Тұрғанбай Маханов, денсаулық сақтау саласының ардагері:
– Бұл көпсалалы медициналық орталық болғасын адам ағзасы мүшелерінің барлық түріне толық медициналық көмек көрсетеді. «Көмек» бағдарламасы электронды жағдайда жұмыс істеп жатыр. «3Н» жүйесі бар. «Цифрлы Қазақстанға» толық ендік бір сөзбен айтқанда. Біз әр уақытта мықты, белгілі мамандарды ұстап тұруға жұмыс жасаймыз. Оқытамыз, тоқытамыз.

Осы орталықта кәсіби тұрғыда білікті маманға айналғандардың бірі - Берік Дәуітбаев. Жас хирург 20 жыл бұрын қызметке қабылданып, одан әрі «Болашақ» бағдарламасы арқылы білімін жетілдірді. Сондай-ақ Еуропаның озық клиникаларында тәжірибе жинақтаған ол қазір жүрек-қантамыр ақауларына жыл сайын 200-дей ашық операция жасайды.

Берік Дәуітбаев, ОМО кардиологиялық орталық меңгерушісі:
– Елбасы өзі келіп ашқан 1998 жылдан бері осы орталықта тер төгіп келемін. Басында әрине қиын кезең болды. Құрал-сайман жетіспеді. Қарапайым шприц, байлап таңуға қажетті заттарды науқастардың өздеріне алдыртуға мәжбүр болдық. 20 жылда осындай кемелденген жағдайға жетеміз деп ойлаған жоқпыз. Қазір керек-жарақтың бәрі жеткілікті. Жүрекке ашық операциялар жасаймыз. Сырбойылықтарға ем іздеп, басқа өңірлерге сабылудың қажеті жоқ.

Медициналық көмектің 63 түріне лицензиясы бар аурухана нейроинсульттік және офтальмохирургиялық орталығымен де мақтанады. 20 жыл ішінде жүз мыңнан астам операция жасалған алып кешеннің мың жарым қызметкері озық технологиялар мен заманауи қондырғылардың қолданылуы мен жаңаруына аса мән береді.

09 желтоқсан 2018 ж. 1 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031