» » Тамара Асар сахнада аяғы кәмпитке шалынып құлап қалғанын айтты

Тамара Асар сахнада аяғы кәмпитке шалынып құлап қалғанын айтты





















Танымал әнші, тыңдарманның сүйікті әншісі Тамара Асар сахнада ән айтып тұрған жерінде құлап қалған. Бұл туралы ол өз Instagram-парақшасында жазды.
Әншінің аяғы сахнада шашылып жатқан конфетке тайып кеткен. Құлаған жерінде тұра алмай қалған Тамараға залда отырған Мейрамбек Беспаев орнынан тұруға көмектесіпті.
«Өзге емес, өзім айтам өз жайымда. Бүгінгі концертте сахнаның еденіне конфет шашылып, оған туфлиімнің тақасы мұзға тайғандай сырғып тайып кетіп, құлап барып, отырып қалдым. Өзім тұрып кетейін десем, аяғым қайырылып ауырып бара жатыр, оқыс қозғалыс жасасам, аяқты зақымдайтынымды біліп тұрмын. Салмағымның жеңілдігі мен қимыл-қозғалыс биге жақындығым құтқарды. Оң аяғым шпагатқа қарай кетіп бара жатыр, тепе-теңдікті оң жаққа қарай әрең ауыстырдым. Көрермен болып отырған джентльмендерге қолымды соза беріппін. Ардақ сасқаннан шошып, үлгермей қалды. Сөйтсем, азаматтың төресі, өнердегі өресм Мейрамбегім досым көзі шаранасынан шығып кеткен, сахнаға қарғып мініп, қанатын қарсы жайып, төніп келіп , қолтығымнан демеп, орнымнан тұрғызғаннан кейін бетімнен сүйіп жатыр», – деп жазды Тамара Асар.



















Өзге  емес , өзім айтам өз жайымда... Бүгінгі концертте саxнаның еденіне конфети шашылып, оған туфлиімнің тақасы мұзға тайғандай сырғып тайып кетіп, құлап барып, отырып қалдым... Өзім тұрып кетейін десем,аяғым қайырылып ауырып бара жатыр, оқыс қозғалыс жасасам, аяқты зақымдайтынымды біліп тұрмын.Салмағымның жеңілдігімен, қимыл қозғалыс биге жақындығым құтқарды. Оң аяғым шпагатқа қарай кетіп бара жатыр,тепе-теңдікті оң жаққа қарай әрең ауыстырдым да, тренерімнің үйреткен құлау кезіндегі қарсылық заңдарын, лезде денені игеруге тырысып, қорқынышты Халық деген құдіреттің көзінен ұялғаннан жоюға тырысып, вестибулярный аппаратттың барлық реакциясы мен әйелдік қылықты қоса отырып, көрермен болып отырған джентельмендерге жымиып,қолымды соза беріппін... Ардақ сасқанан шошып, үлгермей қалды, сөйтсем Азаматтың Төресі, Өнердегі ӨрЕстім Мейрамбегім досым көзі шарасынан шығып кеткен, саxнаға қарғып мініп, қанатын қарсы жайып төніп келіп,қолтығымнан демеп,орнымнан тұрғызғаннан кейін бетімнен сүйіп жатыр. Халқым қолдары жетпесе де, дуылдатып овациямен көтеріп жатты... Раxмет МегаБегім саған!!! Қатты қорқып кеттім,жылағым келіп кетті, бірақ өзімді қатты ұстауға тырыстым... Көрерменімнен кешірім өтінемін

03 желтоқсан 2018 ж. 1 758 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031