» » Қазпоштаның акциясына қатысу арқылы көлік ұтуға болады

Қазпоштаның акциясына қатысу арқылы көлік ұтуға болады


Сәлемдемеге тапсырыс беріп, Лада Lada Xray (Лада Икс-рей) автокөлігін ұтып алуға болады.
Қазпошта Акционерлік Қоғамы мамыр айынан бері клиенттер арасында «Сатып ал да жеңіп ал!» акциясын өткізіп жатыр. Оған ғаламтор арқылы сауда жасайтын кез келген азамат қатыса алады. Акция аясында жеңіл көліктен бөлек құнды сыйлықтар да өз иесін табады.
«Сатып ал да, жеңіп ал» шарасына қатысу үшін ең алдымен ғаламтор арқылы үш тауарға тапсырыс беріп, сосын Қазпоштаның промо сайтына тіркеліп, сәлемдеменің трек-номерін енгізіп, конкурс туралы әлеуметтік желіде жариялау керек. Тапсырысты 15 желтоқсанға дейін кез-келген интернет-дүкенге жіберуге болады. Тауар құны да маңызды емес. Бұл акцияға 18 жастан асқан кез келген адам қатыса алады. Тек Қазпошта қызметкерлері және олардың туыстары қатыспайды.
Сәуле Әбілбаева, «Қазпошта» АҚ коммерциялық директоры:- Біз жыл бойы клиенттеріміз арасында түрлі ұтыс ойындарын өткізіп жүрміз. Бұл жолы керемет сыйлықтарымыз бар. Бас жүлде - жеңіл автокөлік. Ең басты талап - сәлемдеме сіздің атыңызға рәсімделіп, kazpostpromo.kz сайтына тіркелу керек.
Биыл Қазпошта акционерлік қоғамының құрылғанына 25 жыл тды. Атаулы мерейтойға байланысты мекеме автокөліктен бөлек, Қазпост/Али экспресс атты 25 төлем карточкасын ұтысқа қояды. Онымен кез келген тауарды бір жарым пайыз жеңілдікпен сатып алуға болады. Сонымен қатар әр карточканың ішінде 25 мың теңге қаржы бар.
Анна Нугусманова, Астана қаласының тұрғыны:- Біз интернет арқылы жиі тапсырыс береміз. Мен Қазпоштаның автокөлік пен түрлі сыйлықтарды ұтыс ойынына қойғанын естіп, үш сәлемдемеге тапсырыс бердім. Қазір сәлемдемені алдым, енді оның трек-номерін промо сайтқа тіркеймін.
«Сатып ал да ұтып ал» акциясының қорытындысы 20 желтоқсанда белгілі болады. Жолы болған жеңімпаздың есімі кездейсоқ жағдайда анықталады.


31 қазан 2018 ж. 1 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930