» » «Финансист. Игра на вылет» фильмі қазақ және ағылшын тілдеріне аударылмақ

«Финансист. Игра на вылет» фильмі қазақ және ағылшын тілдеріне аударылмақ


Жаңа туынды бүгінде еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатыр. Байлық, мансап, ақша мен абырой, достық пен сатқындық көрініс тапқан фильм орыс тілінде түсірілген. Енді қазақ және ағылшын тілдеріне аударылмақ.
Бұл – еліміздегі қаржы саласы мен қор нарығы туралы түсірілген алғашқы фильм. Жалпы, туынды барынша шынайы өмірге негізделген. 
Карина Жұмалиева, басты рөлді сомдаушы:  
- Мен Альмира есімді қыздың рөлін сомдадым. Ол өте ерекше жан. Фильмнен кейін көрермендер менен «Альмираның рөлінде болған сіз бе?» деп сұрап жатты. Осыған қарағанда кейіпкерді жақсы сомдай білдім деп ойлаймын.
Фильмнің мазмұны мынадай. Сюжет екі дос – Руслан мен Таирдің айналасында өрбиді. Руслан биржада бағын сынайды, бастапқыда ол табысқа жетеді. Бірақ мансаппен өрлей бастағанда, көптеген сынақтарға тап болады. Ол арманы үшін достықты, махаббатты, тіпті жеке өмірін қатерге тігеді.
Шыңғыс Қапин, басті рөлді сомдаушы: 
- Фильм әрбір көрермен үшін қызықты болады деп ойлаймын. Себебі мұнда ең бірінші ақша емес, адами құныдылықтар насихатталады. Дүниенің құлы болмай, жақындарымызды бағалай білудің маңыздылығы көрсетіледі.
Туындыда ақша табудың түрлі жолдары, тендер ойнатумен бірге тамыр-таныс пен жемқорлық мәселесі де қамтылады. Бұдан бөлек, қыз бен жігіт арасындағы махаббат иірімдері де көрініс тапқан. Өмірден сыр шертетін фильмді осы күндері еліміздің кинотеатрларынан тамашалауға болады.
24.kz
08 қазан 2018 ж. 1 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930