» » Елімізде өзінен үлкен әйелдерге үйленетін жігіттер көбейіп кеткен

Елімізде өзінен үлкен әйелдерге үйленетін жігіттер көбейіп кеткен


Қазақстанда жасы келген келіншектерге үйленетін жігіттер көбейіп кеткен. Мамандардың айтуынша, 2018 жылы мұндай жанұялардың саны 25 пайызға артқан деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.
Көрнекі фото: astromeridian.ru
Өзінен 5-10 жас үлкен әйелмен отбасы құрып жатқан жігіттердің саны көп екенін АХАЖ бөлімі де растап отыр. Олар бұл көрсеткіштің күн санап артып келе жатқанын да айтады.
Осы мәселеге қатысты өзінен алты жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан жайдарманшы Мереке Бауыржанқызы да пікір білдірген.
"Шынымен мықты жігіт табу қиын. Мен көбінесе жігіттердің мінезіне қараймын. Маған көп сөйлейтін, өзінше бір күлдіргісі келетін, дабырлап қалған жігіттер ұнамайды. Өкінішке орай, ондай жігіттер аз. Кіп-кішкентай бала ғой деп өзім айтып алдым да, бірақ келіп істеп жатқан істері, айтып жатқан сөздерінің барлығы жұрттар 85-87 айтып жатыр да, солардан кем емес", - дейді Мереке Бауыржанқызы.
“Басында енді қарсы болды ғой, сосын үйленіп бала болғаннан кейін. Ешкімді тыңдамайсың. Бақытты болсаң болды деді”, – дейді қала тұрғыны Асқарбек Есенқайыр.
Ал отасқандарына сегіз жыл болған Асқарбек Есенқайыр мен Әсемгүлдің қазір екі баласы бар. Жарының жасы Асқарбектен үлкен болғанымен, бұл олардың бірге болуына еш кедергі келтірмепті.Бұл мәселеге қатысты әлеуметтенушылардың пікірі екіге бөлінді. Олардың бірі бұл махаббаттың белгісі екенін айтса, екіншілері еркектердің жауапкершіліктен қашып, дайын нәрсеге қол жеткізуге тырысуы деп түсіндіреді.
Бұл тұрғыда қоғам белсендісі Асылгүл Әбіш те өз пікірін айтты. Оның пайымдауынша, жанұяда жігіттің жасы қыз баладан үлкен болғаны абзал.
“Қазір қоғамда ажырасу көп, жиі болып жатыр. Жас азаматтар, өзінен жасы үлкен әйел баласына үйленсе. Ақыл тоқтатқан, байсалды қызығушылығы бар шығар. Ал негізі әйел адам жасы кіші, ер адамды үлкен болу керек қой” – дейді қоғам белсендісі Асылгүл Әбіш.
2017 жылы мұндай жұптардың 10 пайызы некелерін қиған. Ал үстіміздегі жылдың соңғы тоғыз айында жасы үлкен әйелдерге үйленген жігіттер 25 пайызға жетіпті.

27 қыркүйек 2018 ж. 2 389 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031