» » Астанада өткен стритболдан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Астанада өткен стритболдан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Астанадағы «MEGA Silk Way-дің» алдында стритболдан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қыркүйектің жетісінде басталған спорттық додаға 13 елдің командасы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Үш күнге созылған жарыста ерлер арасында жапониялық жігіттер жеңіске жетсе, қыздар тобында бірінші орынды астаналық бұрымдылар еншіледі. Азия чемпионаты Қазақстан стритбол лигасы мен Халықаралық баскетбол федерациясының ұйымдастыруымен және Астана қаласы әкімдігінің тікелей қолдауымен өтіп отыр.
«MEGA Silk Way-дің» алды қарақұрым халық. Балаларын алып ересектер стритболды қызықтауға келген. Бұл – үш күнге ұласқан доданың финалы. Ақтық сында астаналық арулар Ашхабадтан келген бұрымдылармен кездесті. Алаңда ортекедей ойқастап, келісті ойын көрсете білген елордалық команда қарсыласынан басым түсті. Есеп – 17:21. Жеңіс бізде. Сонымен «Астана Тайгерс» қыздар арасында чемпион атанды.
Марта Ахметкәрім, чемпионатқа қатысушы:
– Жарыстың деңгейі өте керемет. Жоғары деңгейде өтті. Және қатысушы командалардың деңгейі жоғары болған. Осыдан екі жыл бұрын осы спорт түрі олимпиадаға кірді. Сондықтан осы екі жыл бойы бұл спорт біздің елде жақсы дамып жатыр.
Ал ерлердің финалына Жапон мен Катардың жігіттері шықты. Бағы жанды ма, бабы келісті ме, ақтық сайыста күншығыс елінің өкілдері басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Кайта Сузуки, жарысқа қатысушы /Жапония/
– Біздің команданың стритболдағы тәжірибесі мол. Жалпы чемпионаттың ұйымдастырылу деңгейі жоғары. Алаң ыңғайлы. Ерекше спорт түрі елдеріңізде осындай қарқынды дамып жатқанына қуаныштымыз.
Елорда төрінде өткен Азия чемпионатының жүлде қоры да қомақты. Жалпы құны 32 мың АҚШ долларын құрайды. Тиісінше бірінші орын алған қос командаға 5 мың, екінші орыннан көрінгендерге 3 мың доллардан берілді. Бұдан бөлек, жеңімпаз жапондықтар қазан айында Малайзияның астанасында өтетін халықаралық турнирге қатысатын болады.
24.kz
11 қыркүйек 2018 ж. 911 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930