» » Қармақшыда ұлттық салт-дәстүрлер ұлықталды

Қармақшыда ұлттық салт-дәстүрлер ұлықталды


Жер дүниенің жаңарған күнін Қармақшы жұртшылығы да ерекше ықыласпен атап өтті. Қыстан аман шыққан көптің көңілін серпілткен игі шарада қазан-қазан көже дайындалып, ұлттық дәстүрлер ұлықталды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құт қонған өлкеге арнайы барып, жұртшылықты жаңару мен жаңғыру мерекесімен құттықтады.
Жүз шайыр туған киелі мекен жұрты Әз-Наурызды атап өтуге ерекше дайындалған. Орталық алаңға тігілген қазақы үйлердің әрқайсысына атау берілген. Ұлттық құндылықтар ұлықталып, салт-дәстүрлер дәріптелген шарада қошқар көтерген балуандар көпшіліктің делебесін қоздырды.
Қармақшы ауданы қарқынды дамып келеді. Өткен жылды табысты түйіндеген өңір жаңару жылында жақсылықтан үмітті. Жиналған көпшілікті әз-Наурызбен құттықтаған аймақ басшысы өңірдегі толымды тірліктер мен өрелі істерді тілге тиек етті. Ауданның әлеуметтік экономикалық ахуалын арттыру мақсатында атқарылатын жұмыстармен бөлісті.
Киіз үйдің алдында салт-дәстүр көрініс тапса, өнерпаздардан құралған жыр керуені орталық алаңға келіп аялдады. Театрландырылған қойылым барысында күй күмбірлеп, ән әуеледі. Домбырашылар жырдан шашу шашса, айтыскерлер сөз қағыстырды.
23 наурыз 2025 ж. 908 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 715
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031