» » Қызылордада күрестен «Алтын белбеу» облыстық сайысы өтіп жатыр

Қызылордада күрестен «Алтын белбеу» облыстық сайысы өтіп жатыр

Қызылордада қазақ күресінен дәстүрлі «Алтын белбеу» облыстық сайысы өтіп жатыр. Биыл 15-ші рет өтіп отырған жарыста жас ерекшелігіне қарай 250-ге жуық палуан сынға түседі. Ал «Түйе палуандар» додасының жеңімпазы «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдама алады.
Аймақта қазақ күресімен машықтанатын жастардың қатары бүгінде 3 мыңнан асады. Өзгесіне қарағанда ұлттық спорттың қашанда шоқтығы биік. «Алтын белбеу» додасы да ауқымы жағынан облыстағы ең үлкен турнир. Боз кілемде жасөспірімдер, жастар және ересектер түрлі салмақта шеберлік байқасады. Ал алыптар бәсекесінде түйе палуандарға қомақты жүлде бар.
Жігер Акешов, Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары:
Түйе палуандардың жүлде қоры 1-орынға 1 млн теңге. 2 орынға 600 мың, 3 орынға 400 мың. Қазақ күресінен осы «Алтын белбеу» облыстық жарысының жеңімпаздары Астана қаласында өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турниріне қатысуға мүмкіндік алады.
Жарыстың алғашқы күнінде боз кілемге жас палуандар шықты. Әрқайсысы ауыл аймағында өткен іріктеуде жеңімпаз атанған сайыпқырандар. Облыс орталығындағы шешуші кезеңге де тыңғылықты дайындықпен келген. Көптің делебесін қоздырған белдесулер тартысты өтті. Бозкілемде әр мықты өз күшін дәлелдеп бақты.
Нұрсұлтан Болатбек, жарысқа қатысушы :
Қазақ күресінен жарысқа қатысып жүргеніме 8 жыл уақыт болды. Осы күнге дейін 60 келі салмақта ауданның чемпионымын Осы кезде 65-ке салмақ өзгерттім. Енді келіп отырмын осы жарысқа. Жеңеміз деп отырмыз. Осы жылы да чемпион боламыз, құдай қаласа.
Мамандар қазақ күресінің қыр-сырын меңгерген жастардың өнерін жоғары бағалап отыр. Жылдан жылға турнирдің деңгейі өсіп, бәсекелестік арта түскен. Ал «Қазақстан барысы» сайысында облыс намысын қорғайтын оғландардың есімі ертең белгілі болады.

Әділбек Серікұлы
qazaqstan.tv
08 тамыз 2024 ж. 1 042 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10339)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 659

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30