» » Бүгінде елімізде IT мамандарына сұраныс артуда

Бүгінде елімізде IT мамандарына сұраныс артуда

Әрине, жаһандану заманында айти, блокчейн саласы өзекті. Мәселен, қазір елде 100 бос орынның 85-і цифрлық салаға тиесілі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бүгінде талай қазақ баласы шетелдік алпауыт компанияларда жұмыс істеп жүр. Осыдан 10 жыл бұрын «Google» корпорациясында қызмет ету кейіпкеріміз Дінмұхамет Толқынбайұлына да арман болған. Ол өткен жылы діттеген мақсатына жету үшін Жапониядағы белді университетке оқуға түскен. Енді, міне, компаниядағы айти стартаптың мүшесі.
Дінмұхамет Нұржау, студент:  
- Google-да жұмыс істеу менің балалық арманым еді. Стартапқа түйіндемемді жібергенде сұхбаттасуға шақырды. Сол кезде жапон мен ағылшын тілінде сөйлеп, өз ойым мен ұсыныстарымды жеткіздім. Мені қабылдағанда таңырқап қалдым. Негізі Жапониядағы айти сала жақсы дамыған. Өзімнің білімім мен тәжірибемді жетілдіріп, Күншығыс елінде стартап ашсам ба деймін. Қазір компанияда жұмыс істейтін өз ісінің мамандары бізге шеберлік сағаттарын өтеді. Бізге дамуға барлық жағдай жасалған.
18 жастағы Дінмұхамет цифрлық бизнес мамандығын игеруде. Жапон тілін бір жылда жетік меңгерген. Оның айтуынша, бүгінде талмай ізденіп, талаптанған жас өренге мүмкіндік көп. Тіпті айти компания да ашуға болады.
Дінмұхамет Нұржау, студент:  
- Біз университетте қалаған пәнді таңдап, сол бағытта білім аламыз. Айти саласының үздіктері дәріс өтеді. Бізде практика басымдырақ. Бұл өте тиімді. Жапонияда робот, айти саласы жақсы дамыған. Десе де онлайн банкинг ақсап тұр. Жалпы Жапонияда қазақстандықтар бас қосып, стартап жобаларын талқылаймыз. Келешекте бірігіп, жаңа бастамалар ұсынуды көздеп отырмыз.
Бұған дейін де Нидерландыдағы алпауыт компанияда жұмыс істейтін айти маман Нәрікби Мақсұт жайлы айтқан едік. Ол цифрлық локдаун кезінде өзіндік жүйе-прокси серверін енгізді. Яғни интернет жоқ кезде жүйе арқылы жаңалықтарды жеткізді. Міне, қазақстандық жастар айти индустрияның көшінен қалып отырған жоқ. Оның үстіне мемлекет те дәл осы салаға жас мамандарды көптеп оқытуға ден қойып жатыр. Мысалы, 2025 жылға қарай елде 100 мың IT-маман даярланбақ. 
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:  
- Tech Orda бағдарламасы аясында 3 мыңнан астам қазақстандық студент IT-мамандықтар бойынша білім алып жатыр. Қазір кадрлар 49 жекеменшік айти мектебінде даярланады. Енді осы бағдарлама бойынша білім алған азаматтар 2023 жылы айти саласының жілігін шағады. Яғни, веб-әзірлеу, 3D-дизайн, бағдарламалық және аппараттық құралдар жасау, мобильді қосымшалар әзірлеу, биг дата, блокчейн мамандығын игереді.           
Бастысы, әлемнің әр түкпіріндегі белді оқу орындарында дәріс алған жастар, білім-білігін елдің болашағына, дамуына сарпуы тиіс. Сол үшін де мемлекет жастардың жан-жақты білім алуына жағдай жасап жатыр.

08 қаңтар 2023 ж. 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031