Гитлердің лимузині сатылымға қойылады
Адольф Гитлердің Mercedes 770K Grosser Offener Tourenwagen көлігін АҚШ-та 2018 жылы қаңтар айында саудаға шығарады. Гитлер бұл көлікті 1939-1941 жылдар аралығында пайдаланған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Today.kz-ке сілтеме жасап
Германия тізе бүккеннен кейін лимузин америкалық әсерилердің қолында қалып қойып, оны 1945 жылы АҚШ-қа алып келеді. Машина иелерінің арасында Лас-Вегастағы Imperial Palace казиносының иесі де болған. Лимузин Чикагодағы музейге де қойылған.
Автокөліктің 7,7 литрлік және сегіз цилиндрлі қозғалтқышы бар. Сонымен қатар лимузин жылдамдығы сағатына 160 шақырымға дейін жетуі мүмкін.
Бұл көлік арнайы фюрер мен оның көлік жүргізушісінің қалауы бойынша құрастырылған.
Пікір 679