Тупактың Мадоннаға түрмеден жазған хаты бәссаудаға шығарылды

Бәссаудаға қойылған хаттың бір бөлігі
Айтқанындай, рэпер 1 жылдан кейін, яғни, 1996 жылдың 13 қыркүйегінде қастандықпен өлтірілді. Бұл атақты қылмыстық іске кім кінәлі екенін Keffe D лақап атымен танымал гангстер Дуэйн Кейт Дэвис 22 жылдан кейін айтқан еді. Бұл құпияны ол Netflix кеңістігінде жарыққа шыққан "Шешімі табылмаған" (Unsolved) деп аталатын деректі фильмдер желісінде жариялады. Keffe D сол кезде Тупак Шакурға оқ атылған машинада отырса да, осы күнге дейін "көше кодексын" бұза алмай келген. Қазір мұндай қауіпті қадам жасауы оған қатерлі ісік диагнозын қоюымен тікелей байланысты. Енді оған қорқатын ештеңе қалмаған. "Мен Тупактың өлімі туралы бар ақиқатты білетін жалғыз адаммын. Қалғаны өлген. Осы күнге дейін маған шындықты айтқызбай келді. Маған керегі әділеттілік",- дейді Keffe D. Сонымен, Тупакты осы Дэвистің жиені Орландо Baby Lane Андерсон өлтірген. Рэперге оқ атпастан бірнеше сағат бұрын Орландо Шакурдан Death Row Records бандасының белгісі бар медальонды алғысы келген. Бірақ, Тупактың достары оны ұрып жіберген. Соған намыстанған Baby Lane әлемдегі ең атақты рэперге оқ атқан. Бір қызығы, ол осы 20 жыл ішінде Тупак өліміне қатысты айыпталмаған екен. Өзі 1998 жылы Калифорния штатында болған атыста қаза тапқан. Қазір деректер тексерілуде.