» » Лондонда «Kazakhstan House» үйі ашылды

Лондонда «Kazakhstan House» үйі ашылды

Вестминстер Лорд-Мэрінің шешімімен енді Лондондағы Қазақстан Елшілігінің ғимараты ресми түрде Kazakhstan House деп аталады, деп хабарлайды Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми Telegram-каналы.

Бұл атау барлық ресми құжаттарда, қала карасында және басқа да таспаларда көрініс табатын болады. Толық мекенжайы мынадай: Embassy of the Republic of Kazakhstan Kazakhstan House 125 Pall Mall, London SW1Y 5EA 

Қазіргі таңда Лондондағы шетелдік Елшіліктер арасында өз елдерімен аталатын дипломатиялық миссия ғимараттарының саны өте аз. Олар - Біріккен Корольдікпен ерекше қарым-қатынасқа ие мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері. 

«Басты мемлекеттік мереке қарсаңында осындай мәртебеге ие болу қуанышты жағдай. Бұл Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтады. Біздің Елшіліктің ғимараты қаладағы көрікті жерлердің - Trafalgar Square мен Leicester Square аралығында орналасқан. Сәйкесінше, бұл округте түрлі елдерден келетін туристер өте көп. Kazakhstan House жазбасы Haymarket-тен де, Pall Mall-дан да, Cockspur Street-тен де жақсы көрінеді», - делінген хабарламада. 

sn.kz

19 желтоқсан 2018 ж. 891 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 189

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930