Лондонда «Көліксіз бір күн» акциясы өтті
kto-chto-gde.ru Лондонда «Көліксіз бір күн» шарасын өткізу үшін ондаған көше жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі Ғалымжан Қараманұлы.
Қала тұрғындары мен қонақтары велосипедке отырып, кейбірі тіпті жаяу жүрді. Жабылған көшелерде түрлі шаралар өтіп, халыққа ауаны ластайтын қалдықтардың табиғатқа келтіретін залалы туралы айтылды.
Ғалымжан Қараманұлы, twitter@baiimbet:
- Статистика бойынша Ұлыбританияда жылына қырық мыңдай адам ауаның ластануынан қайтыс болады. Ал автокөліктер мен автобустардан атмосфераға тарайтын зиянды заттар, қазынаға 6 млрд фунт шығын келтіреді. Сондықтан көлік қатынасының баламалы түрлерін пайдалануға ынталандыру үшін Лондон орталықтарында осындай шаралар жыл сайын ұйымдастырылады.
Гисбач роуд Ислингтон ауданында орналасқан. Бұл автокөліктер үшін жабылған 50 көшенің бірі. Мұнда отбасылық серуендер мен көңіл-көтеру шаралары ұйымдастырылып тұрады.
Ливи Мэрфи, ұйымдастырушы:
- Бүгін біз смузи сусынын дайындауға арналған және жолаушылар тасымалдайтын велосипедтер ұсынып жатырмыз. Осылайша, біз халықтың қоршаған орта туралы ойланғанын қалаймыз.
Аудандық әкімдік мұндай акцияларды Лондонды жасыл әрі өмір сүруге, жұмыс істеуге, бизнес жүргізуге қолайлы ете түсу үшін ұйымдастырып келеді.
Дэвид Пойза, Ислингтон ауданының мэрі:
- Сіз мына жас баланы көріп тұрсыз ба? Күлімсіре, балақай! Ол таза ауамен демалатын болады. Сол үшін тырысып жатырмыз.
«Көліксіз бір күннің» бастамасын лондондық жергілікті тұрғындар ұсынған. Жеке транспортсыз жүру туралы ұсынысты он мыңнан астам адам және жүзге жуық қоғамдық ұйым қолдап, Лондон мэрі атына петиция жолдаған.
Филипп, қала тұрғыны:
- Біз жұбайымыз екеуміз жұмысқа велосипедпен қатынаймыз. Бізге көлік керек емес. Егер әр адам осындай баламалы көлік құралын таңдар болса, Лондонның ауасы анағұрлым таза болар еді.
Лондоннан бөлек «Автөліксіз бір күн» шарасы Богота, Джакарта, Париж және Брюссель қалаларында өтті. Тәжірибеге сүйенсек, тек лондондық марафон кезінде, көшелер жабылып, жүгірушілер жолында ауаны ластайтын қалдықтар деңгейі әдеттегі күндерден 89%-ға кеміген екен.

24.kz