» » Өзбекстанда әр айдың үшінші жұмасы «Көліксіз күн» деп жарияланбақ

Өзбекстанда әр айдың үшінші жұмасы «Көліксіз күн» деп жарияланбақ

Өзбекстанда әр айдың үшінші жұмасы «Көліксіз күн» деп жарияланбақ
Өзбекстандықтар айына бір күн жаяу жүрулері мүмкін. Яғни, әр айдың үшінші жұмасы «Көліксіз күн» деп жарияланбақ.
Ішкі істер министірлігінің бұл бастамасын үкімет қолдап отыр. Тәжірибе ретінде қыркүйектің соңында арнайы акция ұйымдастырылады. Өзбекстандағы заң шығару палатасының депутаттары да көліктерін қойып, көпшілікпен бірге бір күн қоғамдық көлікпен қатынауға дайын. Бастама жұрттан қолдау тапса, бұл күнге арнайы мәртебе де беріледі.
Экономикасы екпін алып келе жатқан көрші елде жыл санап көлік саны да еселеп  артып келеді. Бір ғана Ташкенттің өзінде миллонға жуық темір тұлпар бар. Оған қалаға келіп-кететін көлікті тағы қосыңыз. Басқа елдер сияқты өзбекстандықтар да кейде көліктерін қоятын жер таппай қиналып жатады. Қырық жылдан астам темір тұлпар тізгінімен алысып келе жатқан Ғани Абдуллаев айына бір күн жаяу жүру құптарлық іс деп отыр.
Ғани Абдуллаев, көлік жүргізуші:
- 1975 жылдан бері көлік жүргіземін. Әскерде жүріп жүргізу куәлігін алғанмын. 70-80 жылдары машинам болатын. Қазір көлік нөпірі бірнеше есе артып кетті. Мен 63 жастамын. Үкіметтің «Көліксіз күн» деген бастамаы, менің ойымша, өте дер кезінде көтерілген ой деп білемін. Біріншіден, әсем қаламыздың экологиясы жақсарады. Екіншіден,жаяу жүру денсаулыққа пайдалы.
Өзбекстандықтар «Көліксіз күн» акциясын күздің соңында ұйымдастыруды жоспарлап отыр. «Билік ешкімді көліксіз жүр деп мәжбүрлемейді. Әркімнің өз еркі. Дегенмен, бұл жерде тек халықтың белсенділігі мен табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту», - дейді заң шығару палатасының депутаты. Бастама халықтан қолдау тапса депутат бір күн жаяу жүруге дайын екендігін білдірді.
Жамшид Пирматов, Өзбекстан парламентінің депутаты:
- Бұл жерде бірінші арнайы мониторинг жүргізіледі. Екіншіден, халықтың пікірі толық ескерілетін болады. Негізінен сараптама аудан және қала орталықтарында көлік нөпірі көп шоғырланған базарлар мен бизнес орталық алдында жүргізіледі. «Көліксіз күн» шарасына әркім өз қалауымен атсалыса алады. Еркіндік беріледі. Біз осылайша, бір күн болса да көлік нөпірін азайтсақ, бұл өте тиімді болмақ.
Жалпы Өзбекстанда сәрсенбі «Өртке қарсы күрес» күні деп белгіленген. Ал бейсенбіде профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Енді әр айдың үшінші жұмасында жұрт машинасын тастап қоғамдық көлікпен жүрмек.
Қанат Жүнісбеков, Twitter@Kanat_Shim:
- Ташкенттің тәртіп сақшылары бүгінде саябақтар мен скверлерді арнайы скутерлердің көмегімен күзетіп жүр. «Бұл қуыс көшелермен жүруге ыңғайлы және оқиға орнына тез жетуге мүмкіндік береді», -  дейі полицейлер. Бұған қоса, Өзбекстанның саяхатшылар көп келетін Самарқанд, Бұқара, Хиуа сияқты қалаларында арнайы туристтік полиция тобы жасақталған. Олар үш тілді меңгерген. Ал жаңа оқу жылынан бастап жолға жақын орналасқан мектеп алдында да сақтық шаралары күшейтілді. «Бұның барлығы түптеп келгенде жұрттың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған», - дейді тәртіп сақшылары.
24.kz


10 қыркүйек 2018 ж. 840 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 225

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 331

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930