» » Аргентинада экономикалық саясатқа қарсы наразылық шарасы өтеді

Аргентинада экономикалық саясатқа қарсы наразылық шарасы өтеді

Аргентинада 25 қыркүйекте үкіметтің экономикалық саясатына қарсы 24 сағаттық наразылық шарасы өтеді.Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. Бұған президенттің Халықаралық валюта қорынан 50 миллиард долларды тезірек аударуын сұрауы түрткі болған. Сонымен қатар 24 қыркүйекте Аргентинаның жұмысшылар орталығы да Буэнос-Айресте бас көтермек.
Нэнси Хатчинсон, мұғалім:
- Жалақымыз өте төмен. Университеттер мен мектептердің жағдайы мүшкіл екенінен үкімет бейхабар секілді.
Айта кетейік, бұған дейін де елді ереуілдер шарпыған еді. Бір ай бұрын инфляцияның өсуі, жалақының қысқаруына наразы халық қала көшелеріне шыққан болатын. Ереуілшілер 2001-2002 жылдардағы экономикалық тоқырау кезінде де елдің Халықаралық валюта қорынан қарызға ақша алмауға тырысқанын алға тартты. Бірақ ел президенті Маурисио Макри бұл қаражат ел экономикасын көтеретін арнайы бағдарламаға жұмсалатынын алға тартып отыр. Бас көтерушілердің пікірінше, 2001 жылы Аргентинаның қаржы дағдарысына ұшырауына осы қор себеп болған. Сол кезде үкімет реформасы ел экономикасын шетелдік инвестицияларға ашып, жергілікті компаниялар құлдыраған болатын. Дағдарыстың зардабын халық әлі күнге дейін тартып отыр.
24.KZ
01 қыркүйек 2018 ж. 1 073 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 630
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 402

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031