» » Берлинде мұражайлар түні өтті

Берлинде мұражайлар түні өтті

Берлинде мұражайлар түні өтті
Берлинде 80 музей мен галереялар және мәдени орталықтар келушілерге есігін айқара ашты.
Олардың арасында неміс тарихи музейі, кинематография мен медицина мұражайы секілді ірі нысандар бар. Сондай-ақ тыңшылыққа, самурайларға тіпті неміс шұжығына арналған аса танымал емес, тақырыптық музейлер де бар. Бұл түні келушілер 18 еуроға бір билет алып, онымен мұражайлардың бәрін аралап шыға алды. Тек жабылатын мерзімі – сағат түнгі екіге дейін үлгеру керек. Айта кетейік, бұл – Берлинде өткізілетін ең басты мәдени шаралардың бірі. Биыл осымен отыз сегізінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Онда 30 мыңнан аса билет сатылыпты.
Ясмин, Берлин тұрғыны:
– Біз осы шараға бірнеше мәрте қатысқанмыз. Тіпті бүгін Гамбургтан құрбым келген. Музыкалық аспаптар мұражайына барып, концертті тамашаладық. Онда тұрған үлкен орган қатты әсер етті. Тыңшылар музейінде де болдық. Берлиндегі мұражайлардың алуан түрлігі маған ұнайды. Өзім тарих мұғалімі болғандықтан, осының бәріне қызығамын. 
Хенше, Берлин тұрғыны:
– Біз мұражайлар түніне алғаш рет келдік. Әзірше бірнеше көрмені аралап үлгердік. Шұжық, телекоммуникациялар және тыңшылар музейлеріне барып қайттық. Халық көп болғанына қарамастан, бізге өте ұнады.
24.kz


27 тамыз 2018 ж. 801 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 321
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 770

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 90

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930