» » Үндістан 2022 жылға дейін ғарышқа өз өкілін жібереді

Үндістан 2022 жылға дейін ғарышқа өз өкілін жібереді

Үндістан 2022 жылға дейін ғарышқа өз өкілін жібереді Бұл туралы премьер-министр Нарендра Моди кеше тәуелсіздік күніне орай сөйлеген сөзінде атап өтті.
Мәселен, биылғы салтанатты шара елдегі сайлау науқанымен тұспа-тұс келіп, үкімет басшысы өз партиясының келешек бағдарламасын паш етті. Онда премьер-министр үнділердің әл-ауқатын жақсартуға күш салып, денсаулық сақтау саласын реформалауға және ғарышты бағындыруға уәде етті.
Нарендра Моди, Үндістан премьер-министрі:
- Алдағы уақытта халқымыздың ұлдары мен қыздары қолына еліміздің үш түсті туымен ғарышқа аттанатын болады. Ұлтымыздың бұл арманы тәуелсіздігімізге 75 жыл толғанға дейін жүзеге асуы тиіс.
Айта кетейік, Үндістан 1947 жылы 15 тамызда Ұлыбританиядан егемендігін алған болатын. Содан бері елде бұл күн кеңінен атап өтіледі. Ал келесі жылдың көктем айында жалпыға ортақ сайлау өтуі тиіс. Модидің ойынша, алдағы саяси додада оның партиясы 2014 жылғы сайлаудан да жақсы нәтиежеге қол жеткізеді.
16 тамыз 2018 ж. 991 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 003

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031