» » Space X келесі көктемде ғарышқа экипаж ұшырады

Space X келесі көктемде ғарышқа экипаж ұшырады

Space X келесі көктемде ғарышқа экипаж ұшырады
«Спейс Икс» 7 жыл бұрын шаттлдардың жабылуынан бері бірінші рет өзінің Крю Драгон экипажымен таныстырды.
Жоспар бойынша қазір дайындықтан өтіп жатқан 9 ғарышкердің төртеуі келесі жылдың көктемінде орбитаға ұшырылады. Спейс Икстің президенті және атқарушы директоры Гвинн Шотвелл барлық қауіпсіздік шаралары толығымен қамтамасыз етілмей, тәуекелге бел буа алмайтынын жеткізді.
Мамандардың айтуынша, осы пилоттық жоба сәтті өтсе, бұл жеке сектордың халықаралық ғарыш станциясына экипаж жіберуіне жол ашады. Айта кету керек, мұндай жобаны қазіргі таңда тек қана  Роскосмос өзінің «Союз» әуе кемесімен жүзеге асырып келеді.
Боб Бенкен, ғарышкер:
- Осы пилоттық жоба негізіндегі экипаждың орбитадан Америка жеріне оралуы үлкен жетістік болмақ. Мен Ғарышкерлер Басқармасында қызмет етіп жүргенімде «Союздың» ұшырылу сәтін бақылауға біздің қызметкерлерді арнайы Байқоңырға жиі жіберіп отыратынбыз. Осы тәжірибе алдағы жоба кезінде септігін тигізеді деп сенемін.
15 тамыз 2018 ж. 1 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 282
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 818

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930