Мәслихаттар сайлауы
» » Италия Meta компаниясына 805 млн еуро айыппұл салды

Италия Meta компаниясына 805 млн еуро айыппұл салды

Италияның дербес деректерді қорғау жөніндегі басқармасы Meta компаниясына Android операциялық жүйесіндегі қолданушылардың фотолары мен видеоларына олардың келісімінсіз және ескертусіз қол жеткізгені үшін 805 млн еуро (887 млн доллар) айыппұл салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Реттеуші органның мәліметінше, компания Facebook қосымшасындағы жеке галереядағы контентті жариялауды ұсынатын функция арқылы қолданушылардың файлдарына қол жеткізген.
Meta компаниясына 60 күн ішінде бұл функцияны әдепкі күйде өшіріп, оны пайдалану үшін қолданушылардан бөлек келісім алу міндеттелді. Компания Reuters агенттігінің сауалына әзірге түсініктеме берген жоқ.
Тергеу 2025 жылы басталған. Ол аталған материалдардың жасанды интеллект модельдерін оқытуға пайдаланылу мүмкіндігіне қатысты болмаған. Meta компаниясы мұндай тәжірибені жоққа шығарған.
Сонымен қатар реттеуші орган 2026 жылы іске қосылған қолданушылар галереясындағы материалдарды бұлтты сақтау жүйесінде өңдеу функциясын да жеке тексеру құқығын өзінде қалдырды.
Ведомствоның мәліметінше, салынған айыппұл Meta компаниясының әлемдік табысының шамамен 0,47 пайызына тең.
15 қараша 2026 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 355
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30