Құрылтай
» » Meta компаниясына 567 млн доллар айыппұл салынды

Meta компаниясына 567 млн доллар айыппұл салынды


Сурет: Report
Egemen.kz
Reuters және Associated Press агенттіктерінің мәліметінше, бұл шешім компанияға қарсы сот процесінің екінші кезеңі аясында қабылданды.
Жалпы соманың 420 млн доллары балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету бағдарламаларын қаржыландыруға бағытталады. Қалған қаражат алдағы 5 жыл ішінде ақпараттық науқандарды, алдын алу бағдарламаларын, қауіп-қатерді анықтау қызметтерін және басқа да шараларды іске асыруға жұмсалады.
Бұған дейін алқабилер сот процесінің бірінші кезеңінде Meta-ны 375 млн доллар айыппұл төлеуге міндеттеген еді. Олар компания өз платформаларының балалардың психикалық денсаулығына кері әсері бар екенін білгеніне қарамастан, кәмелетке толмағандарды жыныстық қанаудан жеткілікті деңгейде қорғамаған деген қорытындыға келген.
Сот сондай-ақ Meta-ға жас пайдаланушылардың қауіпсіздігін күшейту үшін қосымша шаралар енгізуді міндеттеді. Олардың қатарында Facebook пен Instagram-ды жасөспірімдердің пайдалану уақытын шектеу, хабарламаларды бақылауды күшейту, ересектердің кәмелетке толмағандармен өз қалауынсыз байланысын болдырмау және жасанды интеллект негізіндегі чат-боттарға бақылауды күшейту бар.
Нью-Мексико штатының бас прокуроры Рауль Торрес бұған дейін Meta-ны жастар арасында тәуелділік қалыптастыратын функциялар жасағаны және балаларды платформадағы қанаудан жеткілікті қорғамағаны үшін айыптаған болатын.
Ал Meta компаниясы сот шешіміне шағым түсіретінін мәлімдеп, зиянды контентті жою және сервистердің қауіпсіздігін арттыру жұмыстарын жалғастырып жатқанын атап өтті.
07 тамыз 2026 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 063

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31