"Жеке деректері таралып кеткен": Нигерия Цукербергтің компаниясына 220 миллион доллар айыппұл салды
Фото: tech.news.am
Нигериялық реттеуші америкалық Meta Platforms Inc компаниясына айыппұл салды. Комиссия Марк Цукерберг жеке деректерді пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 220 миллион доллар өндіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Нигерияның Федералды бәсекелестік және тұтынушылар комиссиясы (FCCPC) Мета платфорамасын кемсітушілік әрекеттері үшін айыптады. Сонымен қатар желіні нигериялықтардың жеке деректерін рұқсатсыз бөлісті және нигериялықтардың деректерінің қалай пайдаланылатынын анықтау құқығынан бас тартқанын айтып, нарықтағы басым жағдайын теріс пайдаланды деп отыр.
Осы ретте комиссия 2021 жылдың мамырында 38 айлық тергеуді бастағаннан кейін "маңызды дәлелдер" бар екенін атап өтті. Технологиялық алпауыт "қолданыстағы заңдарды сақтауы және нигериялық тұтынушыларды пайдалануды және нарықты теріс пайдалануды тоқтатуы керек" деді FCCPC бас атқарушы директоры Адаму Абдуллахи. Осылайша комиссия компанияға "болашақта ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін ұқсас немесе басқа әрекеттерден/тәжірибелерден бас тартуды" талап етті.
Сарапшылар компанияның тергеу барысынан хабардар екенін айтты. Компания жауап ретінде мекеме "жағдайды түзету бойынша шаралар пакетін" ұсынғанымен, бастапқыда кеткен қателіктерін жоймаған.
Айта кетейік, Африканың ең көп қоныстанған елі Нигерияда жалпы 200 миллион халықтың 164 миллионға жуық интернет жазылушысы бар. Нигериялықтардың төрттен үш бөлігі 24 жасқа толмаған және олардың көпшілігі әлеуметтік желілерде өскен. WhatsApp, Facebook және Instagram - Нигериядағы ең танымал әлеуметтік медиа платформаларының бірі. Нигерия үкіметі Метаны антимонополиялық заңдарды және деректер жинауды бұзды деп айыптаған бірінші ел емес. Осы айда Еуропалық Одақ Метаны блоктың технологиялық ережелерін бұзды деп айыптаған еді.
Еске салайық, бұған дейін Microsoft жұмысында ақау шығып, әлем бойынша телеарналар, әуежайлар мен банктер жаппай тоқтап, Windows компьютерлерінің кенеттен өшіп қалуына себеп болғанын жаздық. Осылайша Sky News таңғы шоуы жұма күні таңертең эфирге шықпады, оның орнына мұрағат кадрлары қойылған.