Мәслихаттар сайлауы
» » Иран жер астынан жаңа «зымыран қаласын» ашты

Иран жер астынан жаңа «зымыран қаласын» ашты

Иранда Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) Аэроғарыш күштеріне тиесілі жаңа жерасты зымыран кешені таныстырылды. Нысанда баллистикалық және қанатты зымырандар, сондай-ақ оларды ұшыру қондырғылары орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа зымыран кешені Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы Әли Абдоллахи мен ИРСК Аэроғарыш күштерінің қолбасшысы Сейед Маджид Мусавиге таныстырылды.
Tasnim агенттігінің хабарлауынша, Иран парламентінің төрағасы Мохаммад Багер Калибаф жаңа зымыран қаласының ашылуын елдің қарсыластарына берілген нақты белгісі деп атады.
«ИРСК Аэроғарыш күштерінің жаңа зымыран қаласының ашылуы – Иран халқының тәуелсіздігін, қауіпсіздігін және аумақтық тұтастығын қорғауға деген табандылығының көрінісі. Бүгін көрсетілген нысанның артында ғалымдар мен инженерлердің көп жылғы еңбегі, қолбасшылардың көрегендігі және ең қиын жағдайда да берілмеген жауынгерлердің тәулік бойғы жұмысы тұр», деді парламент спикері.

12 қараша 2026 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 311
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 457

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30