» » Өзбек әліпбиі жаңарады: қандай өзгерістер енгізілді?

Өзбек әліпбиі жаңарады: қандай өзгерістер енгізілді?

Сурет: islamnews.ru
Өзбекстанда латын графикасына негізделген өзбек әліпбиінің жаңартылған нұсқасы 2027 жылғы 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі. Тиісті заңға сәрсенбі күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа заңға сәйкес, оның күшіне енуіне дейін берілген барлық құжат, ұлттық валюта және ресми бағалы қағаздар жарамдылығын сақтайды. Мемлекеттік рәміздер, маңдайшалар мен ұйымдардың эмблемалары да тозуына байланысты ауыстырылғанға дейін немесе екі ай ішінде бекітілетін енгізу бағдарламасына сәйкес жаңартылғанға дейін қолданыла береді.
Жаңартылған әліпби 28 әріп пен апострофтан тұрады. Бірнеше әріптен құралған тіркестер мен жекелеген таңбалардың кейбір белгіленімдері жеке әріптермен алмастырылып, әліпбидегі әріптер жүйесі ықшамдалған.
Өзбекстанда латын графикасына негізделген жазу жүйесі алғаш рет 1993 жылы қабылданып, 1995 жылы өзгерістер енгізілді. Кириллицадан толық бас тарту бастапқыда 2000 жылға жоспарланғанымен, қазірге дейін екі жазу жүйесі де қатар қолданылып келеді.

Қазіргі реформа 2020 жылы қабылданған президент жарлығына негізделген. Оның мақсаты – тіл саясатын жаңғыртып, латын графикасына көшу үдерісін аяқтау.
22 қазан 2026 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 119
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 316

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031