АҚШ Ресей дизеліне салынған санкцияларды алып тастады
АҚШ Ресейден әлемдік нарыққа 300 мың тонна дизель отынын жеткізу туралы келісімнен кейін ресейлік отынға қатысты санкциялық шектеулерді уақытша жеңілдетті. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Трамптың айтуынша, Ресей қосымша отын жеткізуді де жоспарлап отыр. Алдымен 300 мың тоннадан астам дизель жөнелтіледі, қарашада тағы 500 мың тонна, одан кейін 1 млн тонна жеткізу көзделген. Ресей мұнай өңдеу зауыттарының жағдайына қарай қысқа мерзімде қосымша 3 млн тонна отын жеткізу мүмкіндігі де қарастырылып отыр.
АҚШ президенті Ресей басшысы Владимир Путинмен сәтті әңгімелескенін бұған дейін хабарлаған. Трамптың сөзінше, дизель жеткізілімінің артуы әлемдік нарықтағы отын бағасының төмендеуіне ықпал етуі мүмкін.
«Ормұз бұғазына толық бақылау орнатуымыздың және Ресейден энергетикалық ресурстар жеткізу туралы маңызды жаңалықтың арқасында АҚШ-та және бүкіл әлемде дизель бағасы рекордтық қарқынмен әрі тез төмендейді», деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
















