Конгода Эбола жұқтырғандар саны 8,6 мыңнан асты
Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырғандар саны 8 665-ке жетті. Бұл туралы елдің қоғамдық денсаулық сақтау институты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Есепке сәйкес, аурудан 4 178 адам қайтыс болған. Өлім-жітім көрсеткіші 48,2 пайызды құрады.
«Эпидемияға қарсы шаралар 7 провинция мен індеттен зардап шеккен 64 ауданда жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 8 665 расталған жағдай тіркелді, 890 науқас оқшауланып, стационарда ем қабылдап жатыр. 2 259 адам аурудан айықты. Вакцинация жұмыстары да ілгеріліп жатыр. Атап айтқанда, Чопо және Төменгі Уэле провинцияларында оң нәтиже байқалады», делінген хабарламада.
Бұған дейін ДР Конго Денсаулық сақтау министрі Самюэль Роже Камба Эбола індеті биліктің толық бақылауына алынғанын мәлімдеген еді.
Еске сала кетейік, Конгода Эбола індеті өршіп, ауруханаларда орын жетіспеушілігі туындаған еді.
















