» » Эбола вирусы: Конгодағы ауруханаларда орын жетіспей жатыр

Эбола вирусы: Конгодағы ауруханаларда орын жетіспей жатыр

Сурет: ашық дереккөз
Конгода Эбола індеті дендеп барады. Әсіресе Бутембо қаласындағы жағдай өте қиын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы 20 күнде ауруды тағы 550-ден астам адам жұқтырып алған. Қазір ауруханаларда науқастар толып барады. Жаңа науқастарды қабылдау үшін орын жетіспей жатыр. Сол себепті уақытша қабылдау орындары ашылған.
Бутембода 2 млн халық тұрады. Халықаралық ұйымдардың дәрігерлері вирустың тез тарап жатқанына алаңдап отыр. Қолда бар дерекке қарағанда, қазір ауру елдің жеті провинциясында өршіп тұр.
Вирус жұқтырғандар саны 8 мыңға жуықтады. 3 мың 700 адам көз жұмды деген дерек те бар.

Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, елдің шығысында індет кеңінен таралып, жағдайды қиындатып отыр. Бұл жерде қарулы қақтығыстар жалғасып, мигранттар саны артқан. Медицина қызметкерлері де ереуілге шығып, соның кесірінен ауру жұқтырғандар саны көбейіп келеді.
Еске сала кетсек, 15 мамырда Итури провинциясында 65 адамның өлімінен кейін елде Эбола індетіне байланысты эпидемия жарияланған болатын. Ал 17 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бұл індетке байланысты халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай режимін жариялады.
27 қыркүйек 2026 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 074
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031