Әлем кітапханаларындағы ең көне 3 мәтін
Atlas Obsura басылымының журналистері жазбалар тарихын зерттеу мақсатында әлемдегі көлемді 12 кітапханадан ең көне кітаптарды іздеген. Олар іздеген заттай деректер түптеп келгенде кітап емес, ежелгі манускриптілер мен папирустар, тіпті саз тақталар болып шықты. Ендеше назарларыңызға ең көне 3 мәтінді ұсынамыз.
1. Нью-Йорк медицина академиясындағы рецептілер кітабы
Германия, 830 жыл
Батыста сақталған бұл кітаптан ең көне тамақ рецептілерін табуға болады. Оны біздің заманымызға дейінгі ІV ғасырдың өзінде көне римдіктер пайдаланған екен. Мәтін неміс монастырында жазылып, ұзақ жылдар сонда сақталған. Кейін оны белгілі коллекционер Томас Филлипс сатып алады да, Маргарет Барклай Уилсон атты кітапханашыға табыстайды. Ал ол 1929 жылы өзі жиған бүкіл рецептілер кітабын Нью-Йорк медицина академиясына өткізеді.
2. АҚШ Кітапхана Конгресіндегі сына жазулы мәтін
Шумер, б.з.д. 2050 жыл
1929 жылы АҚШ Кітапхана Конгресіне барған Киркор Минасян жан-жақтан жиналған көне коллекциялардан әсер алып, өзі де соған үлес қосады. Оның өткізген жәдігерлері ішінде көне Шумерліктер сына жазуымен жазып қалдырған есеп жазбалары да бар. Одан ежелгі саудагерлердің есеп-қисаптарын көруге болады.
3. Бостон Атенеуміндегі мысырлық артефактілердің альбомы
Фивы, Мысыр, б.з.д. 1500 жыл
Артефактілерді 1905 жылы археолог Роберт де Рустафьяель тауып алып, 1916 жылы барлығын бір альбомға жинақтаған. Кейін ол жинақ Бостон Атенеумінің қорына тапсырылды. Мәтінде Хатхор құдайы ұрпағының үш қасиетті жазбалары бар.
Пікір 1