Құрылтай
» » Грин-карта үшін үйленгендер: АҚШ-та мыңнан астам жалған неке ұйымдастырылған

Грин-карта үшін үйленгендер: АҚШ-та мыңнан астам жалған неке ұйымдастырылған

АҚШ-та Қытай азаматтарына грин-карта алуға мүмкіндік беру үшін ұйымдастырылған жалған некелердің ел тарихындағы ең ірі желісі әшкереленді. Бұл туралы АҚШтың Әділет министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Схеманы ұйымдастырды деген 11 адамға айып тағылды. Тергеу мәліметінше, олар мыңнан астам жалған некені ұйымдастырған. Мұндай қызметтің құны 100 мың долларға дейін жеткен. Бұл сомаға үйленуге ұсыныс жасаған сәтті бейнелейтін фото, үйлену тойының фотосессиясы және иммиграциялық сұхбатқа дайындық бойынша нұсқаулық кірген.
Жалған некеге келіскен АҚШ азаматтарына үйлену тойы үшін 30 мың долларға дейін төленген. Некелер тек АҚШ-та ғана емес, Қытайда да қиылған.
Биыл ақпанда АҚШ-та Қытай азаматтарымен жалған неке ұйымдастырудың тағы бір схемасы әшкереленген болатын. Алайда ол кезде тек америкалық әскери қызметшілер тартылған. Олардың жұбайлары иммиграциялық мәртебе алумен қатар, әскери нысандарға кіруге мүмкіндік алған.
14 тамыз 2026 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 650
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31