» » Антарктидада соңғы 14 жылдағы ең төменгі температура тіркелді

Антарктидада соңғы 14 жылдағы ең төменгі температура тіркелді


Антарктидадағы «Конкордия» зерттеу станциясында ауа температурасы –84,1°C-қа дейін төмендеп, соңғы 14 жылдағы ең төменгі көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Конкордия» станциясы жағалаудан шамамен 1 100 шақырым қашықтықта, теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктікте орналасқан. Қыс мезгілінде мұнда 4 ай бойы күн шықпайды.

Осы ерекшеліктеріне байланысты Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) станцияны болашақ ғарыштық миссияларға дайындық алаңы ретінде пайдаланады. Мұнда мамандар ұзақ уақыт оқшауланудың адам ағзасы мен психологиялық жағдайына әсерін зерттеп, алыс ғарышқа ұшу кезінде туындауы мүмкін қауіптерді бағалайды.

Дегенмен Антарктидадағы ең төменгі температура 1983 жылдың 21 шілдесінде кеңестік «Восток» станциясында тіркелген. Сол кезде термометр бағаны – 89,2°C-қа дейін төмендеген.
Оңтүстік полюсте ауа температурасы рекордтық деңгейде төмендесе, Еуропада биыл аптап ыстық болып жатыр. Кәрі құрлықта жаз басталғалы табиғаттың тосын мінезіне үйренісе алмай 10 мыңнан астам адам көз жұмған.


27 шілде 2026 ж. 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 205
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30