Құрылтай
» » Түркияда ауа температурасы рекордтық деңгейге жетуі мүмкін - метеоролог

Түркияда ауа температурасы рекордтық деңгейге жетуі мүмкін - метеоролог


Түркияда шілде-тамыз айларында рекордтық аптап ыстық болуы мүмкін. Бұл туралы Ыстанбұл техникалық университетінің метеоролог профессоры Орхан Шен мәлімдеді, деп  хабарлайды Egemen.kz
«Шілде мен тамыз қазіргіден де ыстық болады, рекордтық деңгейге жетуі мүмкін. Өткен жылы Ыстанбұлда термометр 41,3 градусқа жетіп, 1938 жылғы 40,6 градустан асып түсті. Бұл соңғы 85 жылдағы ең ыстық температура болды. Биыл 42-43 градус ыстық болуы мүмкін. Дайын болыңыздар», дейді метеоролог.
Оның айтуынша, ғаламдық жылыну шарықтау шегіне жеткенде метеорологиялық өзгерістердің кенеттен болуы қалыпты жағдай.
«Біз мұны аптаның басында көрдік: температура 7-8 градусқа көтеріліп, демалыс күндері аздап төмендеді. Бірақ сейсенбіден бастап қайтадан ыси бастайды. Бұл − жүйе. Егер ол 5 күнге созылса, орташа деңгейден 5 градусқа жоғары болса, оны жылу толқыны деп атайды. Биыл мұндай ауа райы жиі сезілетін болады. Сонымен қатар нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, су тасқыны болады. Жаз қаншалықты ыстық болса, қыс сондай суық болады», деді О.Шен.

10 маусым 2024 ж. 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 665
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31